Аймақтар • 16 Шілде, 2019

Қызылорда облысында алдағы уақытта да аптаптың күшеюі байқалады

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында алдағы уақытта да аптаптың күшеюі байқалады. Осыған байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте тиісті сала басшылары мәлімдеме жасады.

Қызылорда облысында алдағы уақытта да аптаптың күшеюі байқалады

«Бүгінгі күні аймағымызда күннің қатты ысуы байқалады. Қызылорда облысында ауа температурасы 40 градус болса қатты ыстық, ал 45 градустан жоғары болған жағдайда өте қатты ыстық болып саналады. Қазіргі таңда жұмысшыларға қатысты көп сұрақтар туындап жатыр. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 23-бабында жазылған. Егер ауа райына байланысты жұмысты жалғастыру жұмыскердің өміріне, денсаулығына қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтату жұмыс берушінің құқығы әрі міндеті»,-деді облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Жаңабаев.

Ал, Әйгерім Жүкелова, «Казгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының» бөлім бастығы:

- Облыс территориясына жоғары қысым алқабының енуіне байланысты қазіргі таңда жауын шашынсыз ауа райы сақталады. Шілденің 17-20 аралығында ауа температурасы 41-46 градусқа дейін ыстық күтілуде. Тек солтүстікте, Арал, Қазалы аудандарында 16-17 шілде күндері ауа температура 35-37 градусқа барады. Сонымен қатар, солтүстік пен солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін көтеріледі. Циклонның енуіне байланысты, шілденің 20-нан кейін ауа температура 33-38 градусқа дейін төмендейді. Айдың аяғында жаңбыр күтілуі мүмкін,-деді.