Спорт • 17 Шілде, 2019

Михаил Кукушкин рейтингте 13 саты жоғарылады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (ATP) жаңар­тылған әлемдік рейтингінде 13 саты жоғарылап, 45-орынға жайғасты.

Михаил Кукушкин рейтингте 13 саты жоғарылады

Отандасымыз жуырда ғана Ұлы­бри­тания астанасы – Лондонда өткен Уимблдон турниріне қатысып, жарыс­тың 1/8 кезеңінде жапониялық Кеи Ниси­кори­ден жеңілген еді.

Кукушкин әлемнің ең үздік ТОП-50 теннисшісі қата­рына кірді. Сонымен қатар ерлер арасын­дағы рейтингте қазақстандық теннисші Алек­сандр Бублик бір саты төмен сырғып, 83-орынға тұрақтады. Ал тағы бір отанда­сы­мыз Александр Недовесов төрт саты жоғарылап, 196-орынға көтерілді.

Уимблдон турнирінің биылғы жеңімпазы сербиялық спортшы Новак Джокович ATP рейтингіндегі бірінші орнын сақтап қалды. Испаниялық Рафаэль Надаль екінші орында келеді. Ал швейцариялық Роджер Федерер үздік үштікті түйіндеп тұр.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50