30 Наурыз, 2013

Бірлік бар жерде тірлік бар

314 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бірлік бар жерде тірлік бар

Сенбі, 30 наурыз 2013 2:33

Бүгінде еліміздің аудан-аймақтарында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің өз ісін дөңгелетуіне өзіндік үлес қосып, төмен пайызды несиемен қаржыландырып отырған кредиттік серіктестіктерінің шаруаларға пайдасы жөнінде аз айтылып жүрген жоқ. Осыдан он екі жыл бұрын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қолдауымен құрылған кредит­тік се­ріктестіктердің саны бүгінде 164-ке­ жетті. Қазірде бұл кредиттік се­ріктестіктер республиканың 13 облысындағы 160 ауданда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне егін мен төрт түлік мал өсіру үшін несие берумен айналысады.

Жақында осындай несие беруші ұйымның бірі де бірегейі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Нақтырақ айтсақ,  2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданында  аймақтағы алғашқылардың бірі болып, іргесін қалаған «Бәйдібек-несие» кредиттік серіктестігі он жылдағы жетістігін зор табыспен тойлады. Мерейтойлық шараны өткенге есеп берумен бастаған іргелі ұжым, жиналған аудан басшылығы мен мәслихат депутаттары алдында өз жос­парларымен бөлісті. «Бәйдібек-несие» ЖШС басқарма төрағасы Әбілдабек Шардарбековтің айтуынша, осыдан он жыл бұрын небәрі 46 қатысушымен құрылған  серіктестіктің бүгінгі таңда 342 мүшесі бар. Әу бастан атакәсіп мал шаруашылығымен айналысып келе жатқан Бәйдібек ауданындағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері де несиені осы саланы дамытуға алады. Сонымен қатар, бүгінде серіктестік арқылы  мал қораларын салу, жемшөп қорын жасақтау, көкөніс саласында тамшылатып суғару,  жылы  жайлар  салу үшін де қарыз алушылар қатары көбейген. Осы бағытқа жоспарланған серіктестіктің несие  мүмкіндігі бүгінде 2 миллиардқа жуық теңгені құрап отыр.

Атап өтерлігі осы он жыл ішінде кредиттік серіктестік жұмысын аяғынан тік тұрғызып, бүгінде оны аудан мен облыстағы алдыңғы қатарлы несие беруші ұйымға айналдырған білікті басшы Әбілдабек Шардарбекұлының еңбегі ұшан-теңіз. Қашанда жұмыстың сапасын саралап, темірдей тәртіпті талап ететін тәжірбиелі басшы өмірдегі көргені мен көңілге түйгенін ұжым жұмысын ұйымдастыруда ұтымды пайдаланды. Бірлік бар жерде тірліктің де бары дәлелденген. Бүгінде республикамыздағы алдыңғы қатарлы кредиттік серіктестіктердің көш басында тұрған «Бәйдібек-несие» кредиттік серіктестігінің болашаққа деген маңызды жоспары көп. Сондықтан биылғы жылы да несие серіктестігіне бірігуге арналған сұраныстар мен өтініш-талаптардың көбейеріне үлкен үміт артып отырған «Бәйдібек-несие» кредиттік серіктестігін сенімді әріптес ретінде бағалайтын «Аграрлық несие корпорация­сы» АҚ-та шағын ұйымның берекелі бірлігі мен табысты тірлігі өзгелерге әлі талай үлгі боларына сенімді.

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».

Оңтүстік Қазақстан облысы.