Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Игі істің игілігін көруде

441 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Үкіметтің кеңей­тілген отырысында айтқан халықтың әлеуметтік тұрмыс сапасын арттыру мәселесінің бас­ты талап ретінде қарастырылуы және бұл бағытта әкімдерге берілген тапсырмалары тіке­лей халықтың әл-ауқат дең­гейін көтеруге негізделген деп ойлаймын.

Игі істің игілігін көруде

Мемлекеттің аз қамтылған от­басыларға, мүгедектерге, жұмыс­сыз­дарға жасап отырған қолдауы елі­мізде мыңдаған отбасылардың әлеу­меттік ахуалына дем бергені рас.

Менің отбасымның асыраушы­сы болмағандықтан, кәмелеттік жасқа толмаған төрт баламен қинал­ған кездерім болмай қалған жоқ. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қарас­тырылған атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткіздім, Маңғыстау аудандық жұмыспен қамту орта­лығы арқылы ақылы қоғамдық жұ­мыс­пен қамтылдым. Мұның бәрі менің отбасымның, бала-шағамның қаржылық, тұрмыстық деңгейіне оң әсер етті. Тек мен ғана емес, ауылымызда мемлекеттік «Қолжетімді бас­пана» бағдарламасы бойынша төрт отбасы заңға сай кезегімен тұрғын үйге қол жеткізсе, жеті отбасы атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылды. Мұның барлығы мемлекетіміздің халықтың жағдайын назардан тыс қалдырмағанының жемісі.

Қ.Тоқаевтың жаңа жұмыс орындарын ашу, мүгедектерге қолдау көрсету, тұрғын үй мәселесін шешу, білім беру мен денсаулық сақтау саласын нығайту бағытындағы тапсырмалары халық игілігіне қызмет етеді деп күтеміз.

Сонымен қатар атаулы әлеумет­тік көмекке қол жеткізу үшін ел арасында орын алған әдейі ажырасу, мүлкін өзгенің атына аудару сынды қитұрқы әрекеттердің орын алуы ұят жағдай. Мемлекеттің қолдауын қабыл алып, жақсы бастамаларға халық өз тарапынан да қолдау көрсетсе деймін.

 

Балкенже ИБАНАЕВА,

Ұштаған  ауылының тұрғыны

Маңғыстау облысы