Аймақтар • 22 Шілде, 2019

«Шымкент құс» күніне 250 мың дана жұмыртқа шығарады

715 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкенттің құс еті өнімдері шетелдерге де танымал. Бүгінде «Шымкент құс» ЖШС балапан өсіру және тағамдық жұмыртқа алу үшін құс ұстау технологиялық циклымен жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың біріне айналған. 2006 жылы негізі қаланған бұл кәсіпорын күніне 250 мың дана жұмыртқа шығарады. Іргелі фабрикада 250-ге жуық адам еңбек етеді.

«Шымкент құс» күніне 250 мың дана жұмыртқа шығарады
Тауық жұмыртқасын және тауық етін өндіруді негізгі бағыт етіп алған шаруашылықта жұ­мырт­қа жинау және сұрыптау процес­тері автоматтандырылған жүйеге көшкен. 

«Нарыққа шығарылатын еттің сапасы да қатаң қадағалауда», дейді кәсіпорын жұмысшы­лары. Бар­лық техникалар компьютерлендірілген, жемнің құрамын лабораторияда жиі тексеріп, сол арқылы жем мөл­шерінің көрсеткіштерін бақылап тұруға болады. Тіпті әр құсқа берілетін мөлшері көрсетіледі.

«Шымкент құс» – халықты сапалы табиғи өніммен қамтамасыз етіп отырған бірегей компания. Бүгінде отандық өндірісте үлесі мол серіктестік өнім түрлерін ұлғайту мақсатында бройлер тауық етін өндіруді де қолға алды.

Фабрикада 150 мыңға жуық бройлер тауығы бар. Сағатына 2 мың құс сойылады. Ерекше атап өтерлігі, аталған құс фаб­ри­касында барлық тауықтар ша­риғат талаптарына сай қолмен со­йылады. Тәулігіне 7 мың брой­лер құс етін дайындайды. Осылайша тұтынушыларды отан­­дық сапалы, қауіпсіз құс еті­­мен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

«Шымкент құс» фабрикасы­ның өнімін сараптамадан өткізу арқылы «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерін өн­діруге, дайындауға, өңдеуге, сақ­тауға, тасымалдауға, сатуға қойы­латын жалпы талаптар» атты стан­дарттарына сәйкес келе­ді деген қорытынды жасалып, ҚМДБ «Халал Даму» серти­фи­каты табыс етілді.