15 Мамыр, 2013

Бәрі байланыстан басталады

338 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бәрі байланыстан басталады

Сәрсенбі, 15 мамыр 2013 1:37

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының айшықты ісі

Барыс-келістің, алыс-берістің көбеюі үшін, әлбетте телекоммуникациялық байланыстың алар орны ерекше. Өйткені, қазіргідей ұшқыр уақыт­та ұтқыр әрі жедел қарым-қатынассыз алға қой­ған мақсатты жүзеге асыра алмай шаң қауып қала­ты­ныңыз анық. Сондықтан да ізденіс танытып, оның түйінін шешуге де болады екен. Міне, осыған байланысты іргетасы берік қаланып, ұзақ жылдардың еншісіне жасалған жарқын көрініс – алдағы кездің қам-қарекетіне болжанған бұл жобаның тұсауы да сәтімен кесілді.

Сәрсенбі, 15 мамыр 2013 1:37

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының айшықты ісі

Барыс-келістің, алыс-берістің көбеюі үшін, әлбетте телекоммуникациялық байланыстың алар орны ерекше. Өйткені, қазіргідей ұшқыр уақыт­та ұтқыр әрі жедел қарым-қатынассыз алға қой­ған мақсатты жүзеге асыра алмай шаң қауып қала­ты­ныңыз анық. Сондықтан да ізденіс танытып, оның түйінін шешуге де болады екен. Міне, осыған байланысты іргетасы берік қаланып, ұзақ жылдардың еншісіне жасалған жарқын көрініс – алдағы кездің қам-қарекетіне болжанған бұл жобаның тұсауы да сәтімен кесілді. «Қазақтелеком» АҚ және «Түр­кі­мен­телеком» МЭК, SDH пайдалану арқылы кейі­нен DWDM өту бойынша бірлескен құрылыс жұ­мыс­тары мен телекоммуникация желілерінің түйісу жұмыстарын аяқтады. Тың бастамаға тыныс беріп, қан­жығасы майланып, айшылық алысты жақындатып тағы бір олжаға кенелді.

Үстіміздегі жылғы мамыр айының 11-інде Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бер­ді­мұ­ха­ме­довтың қатысуымен «Қазақтелеком» АҚ және «Түркіментелеком» МЭК телекоммуникация желілері түйісуінің салтанатты ашылуы болды. Онда екі ел телекоммуникация саласының қол жеткізген жетістіктері лайықты атап өтілді.

«Қазақтелеком» АҚ және «Түркіментелеком» МЭК заманауи озық құрылғы SDH-ды пайдалану арқы­лы кейіннен DWDM өту бойынша бірлескен құрылыс жұмыстары мен телекоммуникация же­лілерінің түйісу жұмыстарын толық аяқтап мерейлі меже­ден көрінді.

Бекдаш (Түркіменстан) – Темірбаба (Қазақстан) учаскесіндегі телекоммуникация желілерінің түйісуі «Қазақтелеком» АҚ желісі арқылы Түркіменстан, Ауғанстан және Иранның тораптарына, сондай-ақ трафиктің Түркіменстан транзитіне Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін пайдалану арқылы, Ресейдің, Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия бағыттары арқылы қосылуына мүмкіндік ашады. Аталмыш жобаны жүзеге асыру үшін «Қазақтелеком» АҚ тарапынан 178,5 шақырым талшықты-оптикалық кәбіл төселді. Оны еңсеруге орасан қажыр-қайрат жұмсалды.

«Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуа­ныш­бек Есекеевтің айтуынша, Қазақстанның Еуразия құ­ры­лығының кіндігінде орналасуы шетелдік опера­тор­ларға транзит қызметін ұсынуда өте-мөте тиімді болмақ. Ал тиімділік қашанда күн тәртібінен түспеген.

«Транзиттік әлеуетті іске асыру мақсатында біз барлық шекара бойындағы жетекші операторлармен тікелей түйісуді ұйымдастырдық. Осылайша, «Қазақтелеком» АҚ Орталық Азиялық хаб ретінде қалыптасты», – деді өз кезегінде Қуанышбек Есекеев.

Транзиттік сыйымдылықты ұсыну бойынша рынокқа шығу жолында «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы қазіргі қолданыстағы түйісулерді және жаңа­дан салынатын құрылыстағы түйісулерді жаңартып жақсарту жөнінде ұдайы жұмыстар жүргізуді жоспарлап отыр. Әрине мұның бәрі келешектің көкжиегіне қарай жетелейді. Қазіргі уақытта компа­нияның коммерциялық пайдалануында 4 мемлекет (Түркіменстанды қосқанда) бар. Мұнда 12 операторымен барлығы 15 түйісу желісі қалыптасқан. Бұл түйісулердің жалпы сыйымдылығы – 290 Гбит/с-дан артығырақ. Иә, жаңашылдыққа ұмтылған ұйымшыл ұжымның ыждаһатты ісі арқасында осындай асқаралы асу алынды. Көпке тигізер пайдасы ұлан-асыр мұндай өнегенің өрісі әр кезде кең болмақ.

Марат АҚҚҰЛ,

«Егемен Қазақстан».