Аймақтар • 25 Шілде, 2019

Атырауда мектеп медицинасына мән беріледі

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы атыраулық 82 мыңнан астам мектеп оқушысының денсаулығы жан-жақты тексерілді.

Атырауда мектеп медицинасына мән беріледі

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 11 247 оқушыдан түрлі аурулар анықталған. Әсіресе ас қорыту жүйесі бұзылған балалар көп. Екінші орында көз аурулары. Мектеп оқушыларының 28,4 пайызының көзі нашар көреді. Жүрек-қантамыр, жүйке жүйесі ауруларына шалдыққандардың да пайыздық үлесі жоғары.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Денсаулықты нығайтуға мүмкіндік беретін мектептер», «Салауатты университеттер» деп аталатын жобаларының маңыздылығын осыдан да аңғаруға болады. 2016 жылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында қанатқақты жоба ретінде енгізілген бұл бастама жақсы нәтиже берген. Аз уақыттың ішінде балалардың денсаулықтары оңалып, білім ошақтарында оң өзгерістер байқалған. Облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай Жұмағалиевтің айтуынша, аталған жобалар мұнайлы аймақта да іске аса бастады.

Бір атап өтерлігі, жаңа жобаны іске асыруға кедергі келтіретін жайттар бар. Оқушыларды таза ауыз сумен қамту проблемасы әлі өзектілігін жойған жоқ. «Мысалы, Құрманғазы ауданында осы мақсатқа қаражат қарастырылмаған, - дейді департамент өкілі. – Облыс бойынша 21 мектепте спорт залы болмағандықтан, балалардың дене шынықтыру сабақтарында мүмкіндіктері шектеулі болып отыр». Ал Атырау қаласындағы 49 мектептің 16-сы ғана қажет жабдықтармен толық қамтылған. 33 мектепте медициналық құралдар жетіспейді. Осы олқылықтардың орнын толтырып, жаңа жобаны белсенді іске асыру үшін білім ордалары ынтымақтастық меморандумына қол қойған. Балалар арасындағы аурушаңдылық деңгейін төмендетіп, саламатты өмір салтын қалыптастыруға түрткі болатын жоба өткен жылы өңірдегі 27 мектепте енгізілсе, биыл бұл көрсеткішті 38-ге жеткізу жоспарланып отыр.


АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

Инклюзивті кофехана көпке үлгі

Аймақтар • Бүгін, 10:40

Әлібидің жарқын жеңісі

Жекпе-жек • Бүгін, 09:40

Құтқарушылардың қоныстойы

Құтқарушы • Бүгін, 09:20

Уран өңдеу зауыты іске қосылды

Аймақтар • Бүгін, 09:10

Қоқыс импорттайтын мемлекет

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:50

Төрт жылда бір келетін мүмкіндік

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:40

Бирма жазуының сыры

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Жұмбақ Ницше

Мың бір мысал • Бүгін, 08:25

Заманауи киіз үй

Өнер • Бүгін, 08:05

Экобуккроссинг сөресі іске қосылды

«Таза Қазақстан» • Кеше