Аймақтар • 25 Шілде, 2019

Алматыда «Кедергісіз келешек» жобалар шеңберінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Nur Otan» партиясының Алматы қаласындағы Түрксіб аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобалар шеңберіндегі жәрмеңкелер ұйымдастырды.

Алматыда «Кедергісіз келешек» жобалар шеңберінде жәрмеңкелер ұйымдастырылды

Бұл шараның барысында келушілерді мүмкіндігі шектеулі психоневрологиялық аурумен емделіп жүрген балалардың өздері қолдан жасаған әспетті бұйымдарымен қызықтырды. Балалармен кездесуге ұйытқы болған аудандық филиалдың консультанты Гаухар Әзімбаева балалардың осы кездесудің өзінен олардың ертеңге деген үміт алауы жүздеріне нұр сыйлағандарын аңғаруға болатынын қуанышпен жеткізеді. Балалардың өздері шұқшия көңіл бөліп жасаған өрнекті өнерлеріне Алматы қалалық мәслихатының депутаттары Роза Бадаева мен Михаил Грачевтің сүйсіне көңіл бөлгендеріне іштей ризалық сезімдерін білдіргендей дерсіз. «Бакарасов» өндірістік серіктестігінің бас директоры Елена Бакарасова балғындар жасаған бұйымдарға ерекше ықылас танытқанына іштей шаттанғандай бойларын өзгеше мақтаныш сезімі билегендей. 

Түрксіб аудандык филиалы жанындағы мүмкіндігі шектеулі психоневрологиялық ауру балалар орталығының директоры Алтын Иманбаева өздері тәлім беріп жатқан 60 баланың бүгінгі шаттығына мерейлене түседі. Олар ашып отырған орталық дегеніңізде  «Кедергісіз болашаққа» қадам сілтейтін өркенді іс екенін айғақтар мәртебелі тәрбие ошағы болып көрінеді. Балғындар болашақта мерейлері өсіп, мәртебелі мамандық иелері болып, еліміздің саналы азаматы бола беруіне жазсын. Бүлдіршіндердің жүзіндегі қуаныш пен шаттықтың ертеңгі күнге деген алау оты болып шарпылғаны да шығар деп ойладық. Өзі өрнек салған бұйымдарға Ақерке мен Клара мерейлене қарайды. Балғындардың салтанатқа шаттық сыйлағандарын көріп, ұстаздары да марқайып тұрды.

Ертеңгі күнге деген үміт оты балғын жүректерде алаулайды.



Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ