Тұрғын үйді қалпына келтіруге 7596 жұмысшы (бір күн бұрын – 7380 күн) тартылды. Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы барлық тұрғын үй қорының 85%-ы әскери полигондағы жарылыстан зардап шеккен болатын. Бүгінгі таңда мамандар 183 үйді қайта тұрғызып жатыр.
Қосымша 1950 жұмысшы 66 әлеуметтік нысандарда жұмыс істейді. 4 нысан (1 – білім беру, 2 – денсаулық сақтау, 1 – спорт) толық қалпына келтіруді талап етеді.
Министрлік тарапынан бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев құрылыс жұмыстарының барысына күнделікті бақылау жасап, мониторинг жүргізуде.