Аймақтар • 25 Шілде, 2019

Жастар жылы Полиция департаменті жастарға қолдау көрсетеді

493 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл жөнінде Қостанай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жастар жылы Полиция департаменті жастарға қолдау көрсетеді

Департамент Жастар жылы аясында жастарға қолдау көрсетпек. Тәртіп сақшылары оларды жұмыспен қамтамасыз етуді қолға алғалы отыр. Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері, полиция майорлары Мұрат Есмұхамбетовпен және Эрик Мүслімов облыс орталығындағы Ұлттық ұлан 6697 әскери бөлімінің мерзімді қызмет әскери қызметшілерімен әңгімелесті. Кездесу барысында әскери қызметшілерге полицияға қызметке тұру тәртібі, сондай-ақ ішкі істер органдарында қызмет өткеру шарттары туралы түсініктеме берілді.

Оларға полициядағы қызметтің артықшылықтары, полицейлердің еңбекақысы ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап 65 процентке дейін өскендігі, сондай-ақ тұрғын үйді жалға алу шығыны жеңілдіктері берілетіні, мансаптық өсу мен тәртіп сақшысына және оның отбасы мүшелеріне тегін медициналық қызмет көрсетілетіні айтылды. ҚР ІІМ жоғары оқу орындарында тегін жоғары кәсіби білім алуға мүмкіндігі бар.

Әскери қызметшілер еңбекақыға қатысты қосымша сұрақтар қойып, өздеріне қажетті толық мәлімет алды.

«Бұл Елбасы жариялаған Жастар жылында жастарға жасалған мол мүмкіндік деп білеміз. Қазір 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтарды жұмысқа алып, олардың өмірден өз орнын табуына көмектескіміз келеді» дейді Кадр саясаты басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Мұрат Есмұхамбетов.