Аймақтар • 25 Шілде, 2019

Елордада ауа ластану жағдайлары тіркелмеді - Қазгидромет

865 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін елорда тұрғындары қаладағы ауа ластануына байланысты шағым жасады. Астана аспаны ашылмай, тұман не түтін секілді құбылыс байқалған. Осы мәселе бойынша «Қазгидромет» РМК мамандары мониторнинг жүргізді.

Елордада ауа ластану жағдайлары тіркелмеді - Қазгидромет

Жанболат Кенжеғұл

Мониторинг жұмыстары 10 бекетте жүргізілген. Жалпы алғанда, мамандардың хабарлауынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша жоғары деңгейде ластану жағдайлары тіркелмеген.

24-25 шілде аралығында таңертең және кешке аздаған жоғарылау байқалды. №6 автоматтық бекеттің ақпаратына сәйкес (Ақжол көшесі, «Астана Тазалық» ағынды сулар тұндырғысы аумағы), РМ – 2,5 қатты бөлшек бойынша - 1,0-1,8 шекті рұқсат етілген концентрация шамасындағы жоғарылаудың 30 жағдайы тіркелген (ең жоғарғысы 25 шілдеде сағат 08:00-де). №7 автоматтық бекеттің мәліметі бойынша (Түркістан көшесі 2/1, РФММ), РМ-2,5 қатты бөлшек бойынша – 1,1-1,8 шекті рұқсат етілген концентрация шамасындағы жоғарылаудың 29 жағдайы тіркелген (ең жоғарғысы 25 шілдеде 08:20-да).

 

Фото авторы Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ