Президент • 25 Шілде, 2019

Президент Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты марапаттады

449 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы қызметтік борышын атқару кезіндегі ерлігі үшін марқұм Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты марапаттады

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Нұртазинов Қаныш Серікұлы (марқұм) - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Оспанов Самат Қошбергенұлы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

 

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

                Президенті                                                                                  Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 25 шілде

                     № 79