Аймақтар • 26 Шілде, 2019

Индустриялық сертификат беріледі

95 реткөрсетілді

Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістерге байланысты енді жиһаз бен жеңіл өнеркәсіптегі кәсіпорындар индустриялық сертификатпен ғана мемлекеттік сатып алуларға қатыса алады.

Облыстық кәсіпкерлер палатасының бөлім маманы Айгүл Мақсотова «Индус­триялық сертификаты бар кәсіпкерлер мемлекеттік сатып алуларға қатысады, «Самұрық-Қазына» холдингінің отандық тауар өндірушілер тізіміне енеді және сыртқы нарықтарда отандық ­тауар, жұмыс, қызмет түрлерін ілгерілету бойынша шығындары өтеледі», дейді. «Атамекен» ҰКП бәсекеге қабілеттілікті арттыруға негізделген бұл жаңалықты әлі де жетілдіру бағытында жұмыс істеп жатыр. Маманның сөзіне сүйенсек, сертификатты алу үшін алдымен салалық қауымдастық ұсынған сарапшы кәсіпорынның барлық құжаттарын қарап, өндіріске көшпелі талдау жүргізеді, құжаттардағы мәліметтер мен нақты ахуалдың сәйкестігін салыстырады. Содан кейін сарапшының қабылдаған шешімі негізінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органмен бірлесе отырып, өндірістік тексеру жүргізеді. Барлық тексеру шараларынан өткен кәсіпорын ғана тауар, жұмыс, қызмет көрсету бойынша отандық өндірушілердің тізіміне енеді. Атырауда индустриялық сертификатты алғашқылардың қатарында Қазақ саңыраулар қоғамының Атырау оқу-өндірістік кәсіпорны мен Қазақ соқырлар қоғамының өңірдегі оқу-өндірістік кәсіпорны алды.

Көру қабілеті нашар жандарды жұмысқа орналастыру бағытындағы мекемеде қазір 35 адам еңбек етеді. Көрпе-төсек жабдықтары, матрац, мұрағатқа арналған қораптар дайындайтын, жиһаз шығаратын цехтары бар. Кәсіпорын басшысы Сәбит Қатышев «Индустриялық сертификат – жалған кәсіпкерліктің тәуекелін азайтып, өндірушілерге бәсекеге қабілетті ортада жұмыс істеуге мүмкіндік береді», дейді. Атырау облысында әзірге 4 кәсіпорын ғана жаңа құжатқа қол жеткізді.

 

АТЫРАУ

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Әженің арқасы

Қоғам • Бүгін, 08:39

Ұлағатты өмір иесі

Аймақтар • Бүгін, 08:37

Бірінші раундта-ақ сұлатып салды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 08:36

Әділім-ай, Әдекем-ау!..

Руханият • Бүгін, 08:12

Әділдіктің Әділі еді...

Руханият • Бүгін, 08:10

Соңында жақсы ізі сайрап жатыр

Руханият • Бүгін, 08:08

Бақұл бол, бауырым!

Руханият • Бүгін, 08:07

Сүйегі асыл адам еді

Руханият • Бүгін, 08:05

Түркістанда қонақүй түтінге оранды

Аймақтар • 14 Қыркүйек, 2019

Ерікті болу - ерлік

Қазақстан • 13 Қыркүйек, 2019

Ұқсас жаңалықтар