Аймақтар • 26 Шілде, 2019

Алматыда «Мектепке жол» республикалық акциясы өтуде

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап жыл сайынғы дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Жүректен жүрекке» ұранымен басталған болатын.

Алматыда «Мектепке жол» республикалық акциясы өтуде

Осыған орай әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек және қолдау көрсету, мектепке бармайтын балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аударуды мақсат еткен акцияны жоғары деңгейде өткізуге байланысты  іс-шаралар жоспары әзірленген-ді.

Он екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған шара өткен жылы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Менiң таңдауым – балаларға көмек көрсету!» ұранымен өткізіліп, 4250 мұқтаж оқушыға жалпы сомасы 141 млн. 328000 теңгеге 1материалдық көмек көрсетілді.

Оқушылар сарайында  «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы туралы брифинг өтіп, онда Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Г.Ходжабергенова және аудандық білім беру бөлімінің басшылары аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға әлеуметтік көмек көрсетудің жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы барысына қатысты есеп берді. Қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекте аяқталады.

АЛМАТЫ