Аймақтар • 28 Шілде, 2019

Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлардың өлу себебі анықталды

660 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы хайуанаттар бағында жануарлардың өліміне қатысты тергеу амалдары аяқталып, парк директорының орынбасары жұмыстан босатылды.

Алматы хайуанаттар бағындағы жануарлардың өлу себебі анықталды

Алты хайуанаттың, Гера және Ассоль арыстан күшіктерінің, Грация керігі мен баласы Алманың, бұлан Рокки мен  Рада жолбарысының неден өлгенін анықтаған мамандар  дәрігерлердің оларға фуросемид беруінен жағдайлары нашарлауы мүмкіндігі мен тұрақты қадағаламағандығын жоққа шығарып отыр.

Бұдан бұрын жануарларды қорғаушылар олардың өліміне парк директорының орынбасары, мәслихат депутаты Вячеслав Банщиковты кәналаған болатын. 17 шілдеде ұйымдастырылған комиссия жұмысы емдеу сапасы мен өлім жағдайына тексеру жүргізді. Жануарлардың негізгі бөлігі соңғы екі айда өлген. Комиссия шешіміне байланысты барлық ветеринар мамандар өз кәсіби дейгейіне сәйкес келеді әрі емдеу шаралары дұрыс жүргізілгенін анықтады. 

ҚР БҰҰ жанындағы биоалуантүрлілік бойынша сарапшы Константин Плаховтың айтуынша, барлық жануарлардың иммундық қорғаныш қабілеті төмен деңгейде болғандығы мен бұл жағдайда мамандардың қасақана әрекеттері жоқ екендігін атап өтті.

 

АЛМАТЫ