Аймақтар • 28 Шілде, 2019

Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

672 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Оқушылар сарайында  Медеу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтіп, алпысқа жуық компаниялар қатысты.

Алматыда бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті

Төрт жүзден астам бос жұмыс орындарының қатарында мұғалім, дәрігер, бухгалтер, заңгер, аспаз, жүргізуші, дәнекерлеуші сияқты мамандықтар бар.

Жәрмеңкеде «Жұмыспен қамту орталығының» мамандары  жұмыс іздеушілердің сұрақтарына жауап беріп, кеңестер берді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелердің тиімділігі жоғары. Бұл жерде нақты бір компания мен жұмыс іздеушінің байланыста болуы, алдағы уақытта да жұмыс болмаған жағдайда бос орындары туралы ақпарат алмасуына мүмкіндік мол.