– Кешен жеке инвестор есебінен Белоруссиядағы «Сифания-Экотехника» компаниясынан сатып алынды. Жабдықтар жылына 100 мың тонна қатты қалдықты сұрыптауға арналған. Жаңа кәсіпорында 35 адам жұмыс істейді,-дейді «Арнаулы автобаза» ЖШС директорының міндетін атқарушы Алмас Ізтілеуов.
«Арнаулы автобазаның» мәліметіне сүйенсек, қаладан тәулігіне 300 тоннаға дейін қоқыс шығарылады. Ал жаңа кешенде қалдықтың жеті түрі сұрыпталады.
АТЫРАУ