Спорт • 31 Шілде, 2019

Алғашқы екі орын отандастарымызға бұйырды

281 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахматтан Чехияның Пардубице қала­сында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ха­лық­­аралық Pardubice Czech Open турнирі өз мә­ресіне жетті. Қыздар арасындағы бәсе­кеде қандасымыз Динара Сәдуа­қасова бас жүлдені иеленсе, тағы бір отандасымыз Жансая Әбдімәлік күміс медаль еншіледі.

Алғашқы екі орын отандастарымызға бұйырды

Тоғыз турға созылған халықаралық жарыстың қорытындысы бойынша, екі жерлесіміз де бірдей 6,5 ұпай жинаған болатын. Дегенмен қосымша көрсеткіштерге байланысты Сәдуақасова бірінші, Әбдімәлік екінші орынға орналасты. Үздік үштікті 6 ұпай топтаған болгариялық спортшы Нұргүл Салимова түйіндеді.

Сонымен қатар аталған турнирде бақ сынаған отандасымыз Әлішер Сүлейменов 5 ұпаймен 129-орыннан көрінсе, 16 жасқа дейінгілер арасында Айтуар Жүкенов 238-орынға (3,5 ұпай) тұрақтады. Pardubice Czech Open жарысына дүние жүзінен жалпы саны 300-ден аса шахматшы қатысқан.