29 Қаңтар, 2013

Белсенділер бас қосты

282 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Белсенділер бас қосты

Сейсенбі, 29 қаңтар 2013 7:39

Астанада on-line режімінде жастар саясаты мәселелері жөніндегі өңірлік басқармалар жетекшілері және республикалық жастар ұйымдары көшбасшыларының қатысуымен кездесу өтті. 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы қаралып, болашаққа мақсат-міндеттер белгіленген басқосуға еліміздің Білім және ғылым министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитеті төрағасының уақытша міндетін атқарушы Нұрлан Өтешев, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықов, сондай-ақ «Қазақстанның ауыл жас­тары», «Жасыл ел», «Қазақстанның жас депутаттары», «Жас қыран» сынды ұйымдар мен бірлестіктердің өкілдері қатысты.

Елбасы Жас Отан» жастар қана­тының ІІ съезінде мемлекеттік жас­тар саясатының 2020 жылға дейінгі тұ­жырымдамасының жобасын тал­қылап, жобаға өз ұсыныстарын ен­гізуді жастар ұйымдарының көш­басшыларына тапсырған еді.

«Екінші съезд өткеннен кейін, барлық өңірлерді аралап, кездесулер ұйымдастырдық. Бұл басқосуларда әр жастың ой-пікірін тыңдап, оларды ескеруге тырыстық. Ауыл жас­тары да үлкен шаралардан шет қал­мады. Олар да өз проблемаларын айтып, ұсыныстарын жеткізді. Бұ­ған қоса, зауыт, кәсіпорындарда еңбек ететін жұмысшы жастармен де кездесулер ұйымдастырылды», – деді «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Нұрлан Сы­ды­қов. Оның айтуынша, ел жас­тары үлкен жауапкершілік танытып, мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасын талқылауға бел­сенді қатысқан.

«Біз бұл жұмысқа жастарды көбірек тартуға тырыстық. Тұ­жы­рымдаманы талқылау барысын­да жастардың тарапынан үлкен қы­зығушылықты байқадық. Олар бұл тұжырымдама жастар саясатының түпқазығы мен өзегі екенін жақсы түсініп, оны жан-жақты сын тезінен өткізді», – деді өз сөзінде «Жас Отан» жастар қана­тының атқарушы хатшысы.

Кездесу соңында жас бел­сен­ді­лердің тарапынан түскен ұсыныстар негізінде мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасының жобасы әзірленіп, ол Жастар ісі жөніндегі комитеттің қарауына ұсынылды.

Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».