Қоғам • 06 Тамыз, 2019

Жамбыл кітапханасындағы жазғы демалыс

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жазғы демалыс маусымы Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында «Оқыңыз, қызық!» кітап көрмесімен басталып, онда жас оқырмандарға арналған анықтамалықтар, энциклопедиялар, ертегілер, жұмбақтар және де көптеген әдебиеттің жетпістен астам түрі қойылды. Онда жас оқырмандар арнайы тапсырыс беріп, уақыт жоғалтпастан қызықты мазмұндағы кітаптарды көрме сөрелерінен алып танысуға мүмкіндік алды.

Жамбыл кітапханасындағы жазғы демалыс

Руханият ордасының жазғы маусымдағы бағдарламалары қызықты мазмұнмен сабақтасып, кі­тапхана мамандары жас оқырмандардың бос уақытын тиімді пайдалануға барынша ықпал етті. Кітапханада қонақта болған Гете институтының директоры Ева Шмит, Германиядан келген Регина Анхут-Фрам мен Керстин Весендорф және Гете институтының кітапхана және ақпарат бөлім басшысы Шолпан Қызайбаева Жамбыл кітапханасының жаңарған заманауи қорымен, мектеп жа­сын­­дағы балаларға қажетті әде­биеттермен танысты. Арнайы ұйым­­дастырылған экскурсия барысында шетелдік әріптестер өз елде­рін­дегі кітапхана тәжіри­бе­сімен бөлісіп, алдағы уақытта бірлесе қызмет етуге келісім жасады.

Жазғы уақытты кітап­ха­­нада өткізудің тағы бір тиім­ді тұсы оқырмандар арасында ұйымдастырылған шахмат тур­ни­рі болды. Турнир алаңында жас оқырмандар бір-бірімен са­­йысқа түсумен қатар, жаңа дос­тар тауып, қызықты пі­кір­ле­рі­мен бөлісті. Жазғы уақытта кі­тап­хана қызметкерлері колония тәр­бие­ленушілерін де назардан тыс қалдырмады. ЛА 155/6 жас­өс­пірімдер колониясында өткен іс-шара мен арнайы кітап көрмесі тәрбиеленушілерге рухани демалыс сыйлады. Олар өздері оқыған кітаптары жайлы баяндап, өлеңдер оқып, ән шырқады.

 

АЛМАТЫ