Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Қазақстанда бейнеблогерлер бәйгесі басталды

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандағы «Жастар жылы» аясында «A kind heart» қоғамдық бірлестігі «I’m from Qazaqstan» атты видеороликтер бәйгесін бастап отыр.

 

Қазақстанда бейнеблогерлер бәйгесі басталды

Бәйге шарты бойынша қатысушылар өздерінің туған қалалары немесе ауылдары туралы қысқаша бейнеролик түсіруі керек. Өз туындысында туған жері туралы, оның қызықты немесе маңызды жерлері туралы баяндап, туған жерінің туристер үшін қандай қызықтары бартуралы айтып беруі қажет.  

Ең үздік бейнебаян авторы бас жүлдеге 1 000 000 теңгеге ие болады. Екінші орынға – 500 000 теңге, ал үшінші орын иесі – 300 000 теңге алады. Бәйге қорытындысы бойынша финалға жеткен қатысушылар Қазақстандағы YouTube компаниясының ресми өкілімен келісімшартқа отырып, өз арналарының даумына қатысты мамандардың кеңестерін алмақ.

Бәйгенің мақсаты – Қазақстанда видео-саласын дамыту, жаңа таланттарды тауып, дарынды жастарды қолдап, Қазақстандағы туризм туралы қызықты видео ақпарат санын арттыру.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 24-25 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін «Қазақстанды аша отырып» атты халықаралық блогерлер форумына орайластырылған.

Жарысқа қатысатын жұмыстар тамыздың 12-ші жұлдызына дейін қабылданады. Бәйгеге жасы 18-ге толған еліміздің барлық азаматтары қатыса алады.

Бәйге туралы толық ақпаратты  https://openqazaqstan.kz/ сайтынан алуға болады.