Аймақтар • 06 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда түркістандық БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур ұйымдастырды

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының бір топ журналисі «Түркістан – Қызылжар – Қостанай – Көкшетау» ақпараттық туры аясында Солтүстік Қазақстан облысына аялдады.

Солтүстік Қазақстанда түркістандық БАҚ өкілдеріне ақпараттық тур ұйымдастырды

Ондағы мақсат – «Оңтүстіктен – Солтүстікке» атты ішкі көші-қон бағдарламасының орындалуымен танысу. Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасының бастамасымен өткен көшпелі жиын құрамында   облыстық мәслихаттың депутаты Жаңабай Ағабеков, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Жүнісов,  халықты жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Нұрашев, журналистер болды.

Делегацияны аймақ басшысының орынбасары Асқар Сақыпкереев қабылдап,  теріскейге қоныс аударған ағайындардың  тыныс-тіршілігі жайлы айтып берді.

«Бүгінге дейін Түркістан облысынан 94  отбасы келіп,  орналастырылды. Жеке кәсіппен айналысатындарға барлық қажетті жағдай жасалып отыр. Жер телімдері, жеңілдікті  несиелер, гранттар, субсидиялар беріледі», деді Асқар Жоламанұлы.

Баспасөз мәслихатында 2015 жылдан бастап қолданыла бастаған бағдарламаның мән-маңызы ерекше атап өтілді. Соған орай еліміздің жұмыс күші аз солтүстік өңірлеріне халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтардан халықты өз еркімен қоныстандыру, оларға қажетті жағдай жасау туралы үкіметтің арнайы қаулысы қабылданып, қызығушылық арта түскен. Бүгінге таңға дейін қоныс аударғандардың басым бөлігі тұрғын үймен, жұмысқпен қамтамасыз етілген. Өз кәсібін ашамын деушілерге егін, мал шаруашылығымен шұғылданушыларға  жан-жақты қолдау жасалады. Аталмыш бағдарламаға қатысушылардың 60 процентін түркістандықтар құрайды. Аталған жұмыстарды жандандыру мақсатында Жетісай ауданында  Солтүстік облысынан келген жұмыс берушілердің қатысуымен «Өңіраралық бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өткізілді. Оған 650-ден астам ниет білдіруші азамат қатысып, 3 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды. Сонымен қатар демеушілер есебінен 150-ге жуық ниет білдіруші Солтүстік өңірлердің жерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, өз көздерімен көріп қайтты.

 

Солтүстік Қазақстан облысы