Аймақтар • 07 Тамыз, 2019

36 оқушыға көмек көрсетті

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының қолдауымен Алматы қаласында 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізілетін «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды.

36 оқушыға көмек көрсетті

Акцияның мақсаты – аз қам­тылған және көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп отырған оқушы­ларға көмек көрсету және әлеу­меттік себептер бойынша бала­­лардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталып отыр. Акция аясында қалалық мәсл­и­хат депутаттары, ұлттық ком­па­ния­­лар, банктер мен бизнес өкілдері көмекке мұқтаж балаларға материал­дық жәрдем, мектепке қажетті ке­рек-жарақтар, киім-кешектер тапсырады. Қазір осы бағыттағы демеушілік көмек көлемі артып келеді.

Бұл жолғы акцияның басталуына Nur Otan партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы фракция мүшесі Ерболат Қасымов қатысып, 36 оқушыға көмек көрсетті.

                                                                                         

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»

АЛМАТЫ