Қоғам • 07 Тамыз, 2019

Елорда әкімі Ұлттық ұланның отбасыларымен кездесті

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қала әкімі Алтай Көлгінов Қараөткел (Ильинка) кентінде орналасқан Ұлттық ұланның әскери бөліміне барды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Елорда әкімі Ұлттық ұланның отбасыларымен кездесті

Аумақта әскери қызметшілердің отбасыларына арналған 104 пәтерлік тұрғын үй салынды. Жалпы алғанда 350-ден астам адам тұрады. Қалашықтың аумағы 20 гектарды құрайды.

Қала әкімімен кездесу барысында тұрғындар көше жарықтары, дәріханалар мен жаяу жүргіншілер өтпелері жоқ екенін, сондай-ақ қоғамдық көлікпен проблемалар бар екенін атап өтті.

Тұрғындардың айтуынша, көптеген отбасында балалар өсіп келеді, сондықтан мектепте орын жеткіліксіз.

Қараөткел кенті

«Келесі жылға жоспарланған жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау қажет. Айтқан ұсыныстарыңыз ескерілетін болады. Мәселелерді Жан-жақты зерттейміз», деді А. Көлгінов. Әскери бөлімнің аумағында үш казарма, штаб ғимараты, күрес және жаттығу залдары бар екі қабатты спорт кешені, екі асхана, ойын спорт алаңдары, мультимедиялық ату тирі орналасқан. Сондай-ақ лазарет, кинологиялық қалашық және мәдени-сауық орталығы бар.