Әлем • 08 Тамыз, 2019

ҚТЖ Ташкентте жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

214 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ташкент қаласында трансқазақстандық бағыттарда контейнерлік сервисін дамыту перспективалары және жаңа мүмкіндіктері туралы бизнес-форум шеңберінде «KTZ Express» АҚ жаңартылған қызмет түрлерінің тұсаукесері өтті. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚТЖ Ташкентте жаңа мүмкіндіктерін таныстырды

Аталған шараға Өзбекстанның мүдделі мемлекеттік органдарының, жүзден аса сауда және көлік-логистикалық компаниялар өкілдері қатысты.

Тұсаукесер барысында «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев компанияның «халықаралық көлік дәліздері мен өзінің инфрақұрылымдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, аз шығынды тасымалдарды жүзеге асырып, клиентке бағыт ұстану деңгейін арттырып, сервисті кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын» алға тартты.

«KTZ Express» АҚ жаңартылған бизнес-моделінде «суық пойыз» режиміндегі контейнерлік тасымалдарды ұйымдартыру мен LCL-тасымал, шағын жүктерді тасымалдау, қоймалық логистика, логистикалық аутсорсинг, өндірістік логистика сияқты бағыттар жұмыс істейді.

Каспий фидерлік желісін пайдаланып тұрақты контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыруға, соның ішінде рефрижераторлық контейнерлер паркін пайдаланып, компания қызметінің негізгі бағыттарына және  логистикалық жобаларға үлкен назар аударылуда.

Компания сыртқы +50 ден -50 дейінгі градуста +20 дан -20 градусқа дейін ішкі температураны автоматты сақтау режиміндегі 27 тоннаға дейін жүккөтерімді 45-футтық рефрижераторлық контейнерлерге ие. Контейнердің ұзартылған базасы тек қана ішкі көлемді 80 текше метрге дейін ұлғайтып ғана қоймайды, сонымен бірге 800 литр көлеміндегі отын багын орнатуға мүмкіндік береді. Тоңазытқыш құрылғысы дизел-генератордың арқасында автономды 20 тәуліктен астам жұмыс істей алады. Тасымалдың осындай түрі тұрақты контейнерлік пойыздардың жүріс-тұрысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Температуралық өзгерістерге сезімтал жүктер жыл бойы жеткізіледі.

Бүгінгі таңда контейнерлік сервис Ресей, Орталық Азия, Еуропа мен Қытай арасындағы бағыттарда жолға қойылған, Өзбекстаннан Ресей мен Қазақстанға «суық пойыз» режимінде рефрижераторлы контейнерлік тасымалды дамыту мәселесі белсенді пысықталуда. Сервистің жұмыс қуатына шығуымен тұрақты түрде аптай сайынғы контейнерлік жөнелтілім жүзеге асырылады деп жоспарлануда.

Толықтай алғанда рефрижераторлы контейнермен тасымалдау электроника, медициналық пен фармацевтикалық тауарларды, тоңазытылған және суытылған өнімдерді, жеміс-жидектерді қосқанда, температуралық режимді сақтауды талап ететін жүктерді тасымалдау көлемін арттыруға ықпал етеді.

Форум қатысушыларына сондай-ақ Каспий теңізіндегі қазақстандық және әзірбайжандық порттар арқылы, аталған бағыт бойынша жүкағынының арттыру және жағрафисын ары қарай кеңейту мақсатымен Түркия мен Еуропаға, Қаратеңіз бассейні елдеріне, өзбектің жүктерін жеткізудің балама жолы ретінде Транскаспий бағыты мүмкіндіктері паш етілді.

Бизнес-форум Қазақстанның көліктік әлеуетін жүзеге асыруға және көліктік қызметтің сапасын арттыруға, логистикалық сервис, өндірістік кооперация саласындағы Қазақстан мен Орталық Азия елдері арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады.