ЕАҮК отырысының күн тәртібінде ішкі нарықтың жұмыс істеуі, өнеркәсіптік кооперация, технологиялар трансфері, ауыл шаруашылығы, кедендік әкімшілендіру, көлік және логистика, трансшекаралық ақпараттық өзара іс-қимыл салаларында Одақ аясындағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту мәселелері қаралады.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтерінің басшыларын Қырғызстан Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков қабылдайды деп күтілуде.