Аймақтар • 09 Тамыз, 2019

Ақ бидай мерекесі

872 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жұмыр жердің бетінде тойып тамақ ішпейтін, аш­құрсақ халықтар жеткілікті. БҰҰ мәліметінше, бүгінде әлемде 800 миллион адамның аштықтан көзі қарауы­тып отыр.

Ақ бидай мерекесі

Өткен ғасырдың бірін­ші жар­­­­тысында қолдан ұйым­дас­тырылған аштықтан қазақ та бір тілім нанға зар болып, баудай түсті. Халқымыздың: «Алтын, күміс – тас екен, ар­па, бидай – ас екен» де­гені, басынан өткен ауыр күн­дер­дің елесіндей естіледі. Ал ас төресі – нан. Еліміздің сол­­­түстік өңірі Қазақстанды астық державаларының қа­та­рынан көр­сетіп отыр. Ар­қа төсіндегі те­ңіз­дей тол­қы­ған егіс алқаптары мақ­та­ныштан көңілді де тол­қыт­қандай болады. Еліміздің ас­­тық өндірісінде, жалпы егін шаруашылығының да­муы­на Қа­ра­балық ауыл­ша­руа­шылық тәжірибе стан­са­сының қосқан үлесі ересен. Жақында ғана өзі­нің 90 жылдығын халықаралық «Ал­қап күні» ретінде атап өткен бұл ғылыми орталық осы кезеңнің ішінде бидай мен басқа да дәнді дақыл­дардың, жем-азықтық ек­пе шөптердің 150 сұрыбын шы­­ғарыпты, көпшілігін аудан­дастырды. Мерекелі басқосуға елімізбен қа­тар көрші Ресейдің әр шал­ға­йы­нан селекционер ға­лым­дар қа­тысты. 90 жыл бір мекеме үшін аз уақыт емес, ал он­да ат­қа­рылған игілікті істер одан да көп.

– Қарабалық ауылшаруа­шылық тәжірибе станса­сы­ның 90 жылда ат­қарған жұ­мысы еліміздің астық ин­дус­триясына қо­сыл­ған үл­кен үлес. Ұжымдағы ға­лымдар мен се­лекцио­нер­лер, диқандар ең­бе­гінің жемісі тек облыс емес, еліміздің мақтанышы дер едім, – деді облыс әкі­мі­нің орынбасары Ғауез Нұр­мұхам­бетов.

Қарабалық ауылшаруа­шылық тәжірибе станса­сының директоры Дә­мір Қал­дыбаев мереке қо­нақтарын егіс алқап­та­рындағы жаңа сұрыптарды тамашалауға шақырды. Далада қатты, жұ­мсақ бидайдың, майлы дақылдардың, көпжылдық же­мазықтық шөп­тердің ал­қап­­тары жай­қа­ла­ды. Ма­мандар олардың ар­тық­шы­­лықтарын әңгімелеп берді. Ғы­лыми-тәжірибе стансасы еліміз тәуел­сіздігін ал­­ған жылдардан бері қа­рай ауыл шаруашылығы да­қыл­дарының жаңа 34 сұрыбын шығарған, соның 14-і соң­ғы бес жылға тиесілі екен. Қарабалық АШТС-ның шығарған 45 сұры­бы рес­публика өңірінде аудан­­дасты­рылды. Былтыр жұм­­сақ би­дай­дың «Айна» және «Ламис» деп аталатын жаңа сұрыптары, қат­ты бидайдың «Шарифа», ар­паның «Медикум 18» және сұлының «Сұлу» сұрыбы аудан­дастырылды. Ғалымдар ауыл шаруашылығы өнімі өзіндік құнының арзандауы­ өсімдік ауруларына төзімді және химиялық өңдеуді аса қа­жет­сінбейтін жаңа сұ­рыптар шығаруға тікелей байланысты екенін айтады. Негізі дақылдың басты жауы – түрлі өсімдік аурулары. Мысалы, тат ауруынан бидай алқаптарының өнімі 25-30 пайызға дейін кемитін. Осы орайда қа­ра­ба­лықтық ғалымдар би­дайдың тат ауруына тө­зімді «Айна» сұрыбымен мақтана алады. Қарабалық ауылшаруашылық тәжірибе стансасы дирек­торының орын­басары, ға­лым-агро­ном, ар­па, бидай, сұ­лы да­қылдары бір­неше жаңа сұ­рыптарының авторы Владимир Чудинов мұнда шығарылған сұрыптардың гендік негізінің тұрақты­лығы жөнінен баламасы жоқ­тығын айтты.

– Дақыл сұрыбы үш жыл тәлім­бақта өсіріліп, сынақ­тан өте­ді де, аудан­дас­тырылады, сосын ди­қандарға бе­ріледі. Гендік қоры өте тұ­рақты сұрыптар облыс, республикаға тарайды. Біздің диқан­дарға берген сұрыптар тұқы­мы фун­гицидті өңдеуді қажет етпейді, оны еліміздің оң­түс­тігіне де, солтүстігіне де егуге жарай береді, – дейді В.Чудинов.

Қарабалық ауылшаруа­шылық стансасының тойына келген ғалымдардың лебізі ғылыми орталық жұмы­сына берілген шынайы баға ретінде естілді.

– Қарабалық ауылшаруа­шылық тәжірибе стансасы – жаздық би­дай­­дың Мек­кесі, ал Кубань – күздік дақыл­дарды өсіріп, өндіру орталығы. Біз ынтымақтаса жұ­мыс істеуге, тәжірибе ал­масуға даяр­мыз, – деді Крас­нодар өлке­лік ғылыми-зерт­теу институты­нан кел­ген ғалым Александр Боро­вик. Еліміздегі аграрлық ғы­лымның драйвері сана­латын Ұлттық аграр­лық ғы­­лыми-ағарту орталы­ғы­ның басқару­шы директоры Есенбай Исламов елдің ғы­лыми-техникалық дамуына Қара­балық ауыл­ша­­руашылық тәжі­рибе стан­­­сасының қосқан үлесі қомақты екенін, дәнді, майлы және бұршақ тұқымдас дақылдар мен жем-азықтық шөптердің ол өндірген жо­ғары өнімді сұрып­тары үлкен сұ­ра­нысқа ие болып келе жатқанын айтты.

Мерекелік конферен­ция­­да Қарабалық ауылша­руа­шылық тәжі­рибе стан­сасындағы ғалым­дар мен селекционерлер марапатталды.

 

Қостанай облысы,

Қарабалық ауданы