«Құрылысшы – өлмейтін мамандықтың бірі. Олардың еңбегі қашан да құрметке лайық. Мен Арыста құрылысшылар еңбегінің қандай ауыр және керек екенін көзіммен көріп келіп отырмын. Сондықтан Сіздерді марапат тапсыру мен үшін мәртебе» деді облыс әкімінің орынбасары Сергей Карплюк.
«Құрметті құрылысшы» төсбелгісімен құрылысшы Мұрат Бегалин, Василий Войцех, «Құрметті сәулетші» төсбелгісімен сәулетшілер Асқар Сатмағанбет, Алиш Мехбалиев, Светлана Остапчук, Владимир Титов марапатталды.
«Біздің еңбегіміз қаланың өсуінен көрініп отыр. Биыл біз салалық қауымдастық құрдық. Ол алдына көптеген маңызды мәселелер жөнінде мақсат қойды. Өзекті мәселелерді бірігіп шешетін боламыз» деді Кәсіпкерлердің өңірлік кеңесінің төрағасы, Облыстық құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Игорь Ким.
Қостанай