Қоғам • 13 Тамыз, 2019

Абайдың туған күнін атап өтті

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық академиялық кітапханада ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне орай поэтикалық музыкалық марафон болып өтті.

Абайдың туған күнін атап өтті

Аталған шара хакім Абайдың шығарма­шы­­лық мұрасын насихаттау мақсатында өткі­зіліп отыр. Мерекелік жиын барысында «Ұлы даланың дана ойшылы – Абай», «Ғасыр­лар үндестігіндегі рухани мұра» иллюс­тра­циялық-кітап көрмелері, «Abaı поэма­лары. Өлеңдері мен аудармалары. Қара сөз­дер. Әндері» мен «Абай-челлендж» кітап­тары­ның тұсаукесері, «Құнанбай» кино көр­сеті­лімі, «Абай – ұлттың рухани гиппократы» атты дөңгелек үстел, «Абай бейнесі сурет­ке­рлер көзімен» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

Рухани кешке жиналған қалың көпшілік Абайдың «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Қараңғы түнде тау қалғып» атты ән­дерін қосыла шырқап, өзге ұлт өкілдері ана тіл­дерінде ақын өлеңдері мен қара сөздерін оқыды.

Іс-шараға қоғам қайраткері, тарих ғылым­дарының докторы, профессор Өмірзақ Озған­баев, ақын Бақытжан Тобаяқов, Қазақ­стан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының басшысы Дәулеткерей Кәп­ұлы, жазушы Әнес Сарай, сатирик Көпен Әмір­бек, т.б. зиялы қауым өкілдері қатысты. Сон­дай-ақ ақын ауылынан келген Абайдың ұрпағы Ақылбайдан тараған Ләйлә әже шежіре тарқатып, жиынның көрігін қыздырды.