Экономика • 13 Тамыз, 2019

2019 жылғы қаңтар–шілде айларында экономиканың барлық саласында макроэкономикалық көрсеткіштер жақсарды

16 реткөрсетілді

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

 

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР 2019 жылғы қаңтар–шілдедегі әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу  қорытындысы шығарылды.  

Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов 2019 жылдың жеті айының қорытындысы бойынша ЖІӨ оң қарқыны сақталғанын айтты, өсім 4,2% құрады.  

«Серпін өнеркәсіптегі, құрылыстағы және көрсетілетін қызметтер саласындағы жеделдеумен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мен негізгі капиталға салынған инвестициялардың тұрақты қарқынымен қамтамасыз етілді», — деді Р. Дәленов.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша, инвестициялар серпіні ЖІӨ өсу қарқынынан озық, олардың өсуі 11,3% құрады. Инвестициялар ауыл шаруашылығында (61,4%), құрылыста (46,3%), саудада (23%) және өнеркәсіпте (18,9%) өсті.

Өнеркәсіп өндірісі биылғы қаңтар-шілдеде 2,7% өсті. 2019 жылғы қаңтар–шілдеде құрылыста (11,5%), саудада (7,5%-ға), көлік саласында (5,4%-ға), ауыл шаруашылығында (3,5%-ға), өнеркәсіпте (2,7%-ға) және байланыс қызметтерінде (2,6%-ға) оң қарқын байқалды.

ҰЭМ басшысы 7 айдың қорытындысы бойынша көптеген көрсеткіштер бойынша оң қарқын сақталғанын атап өтті. 

Сонымен қатар, Р. Дәленов орталық және жергілікті атқарушы органдардың назарын негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаларды бақылауды қамтамасыз етуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымын барынша пысықтауға және инфляцияны бақылауды күшейтуге аударды.

Бірінші қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов осы жылдың 7 айындағы мемлекеттік бюджеттің орындалу қорытындылары туралы баяндады. Есепті кезеңде мемлекеттік бюджет кірістерінің өсімі 114,5%, республикалық — 118% және жергілікті бюджет — 106% құрады.  

Б. Шолпанқұлов бюджеттердің барлық деңгейлерінде қаражатты игеру 2018 жылмен салыстырғанда жақсарғанын айтты. 

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке 4 трлн. 984 млрд. теңге көлемінде немесе жоспарға шаққанда 103,6% кіріс түсті.                  

Республикалық бюджет шығыстары 98,9%-ға игерілді. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2019 жылға 555 млрд теңге көзделген, ағымдағы жылдың 1 тамызына шығыстар 272,5 млрд теңгеге немесе игерілді.

Берік Шолпанқұлов сонымен қатар мемлекеттік аудит және камералдық бақылау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады. Мәселен, есепті кезеңде 719 млрд теңге бюджет қаражатына  аудит жүргізілді. Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 121 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Аудит жүргізу барысында 114 млрд теңге сомаға бұзушылықтар түзетілді, оның ішінде 7 млрд теңге қалпына келтірілді, 2 млрд теңге өтелді және 105 млрд теңге есеп бойынша көрсетілді. Өз кезегінде, камералдық   бақылаумен жалпы сомасы 6 трлн теңгеге  1 млн мемлекеттік сатып алу рәсімі қамтылды. Нәтижесінде 379 млрд теңге сомаға бұзушылықтарға жол берілмеді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Кітапхана – қазына мекені

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Алматыда пәтер ұрлығы азайған

Аймақтар • Бүгін, 09:23

Бұқаралық спорт – басты назарда

Аймақтар • Бүгін, 09:18

Үй гүлдерін өсірушілер клубы

Аймақтар • Бүгін, 09:09

Қобыздың құны

Аймақтар • Бүгін, 09:08

Стюартты сұлатып салды

Спорт • Бүгін, 09:05

Жидебайдағы жылы жүздесулер

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Жетістік формуласы

Қоғам • Бүгін, 08:55

Сұрап алу – ұрлап алу емес

Қоғам • Бүгін, 08:42

Алыптар жайлы үш үзік сыр

Тарих • Бүгін, 08:35

Қостанайда киік мүсіні орнатылды

Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Ұқсас жаңалықтар