Аймақтар • 13 Тамыз, 2019

Нұр-Сұлтанда білім беру саласының қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

15 тамызда елордалық «Жастар» сарайында білім беру саласы қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді деп қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлайды.

Нұр-Сұлтанда білім беру саласының қызметкерлеріне арналған жұмыс жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде бос жұмыс орындарын 100-ге жуық жұмыс беруші ұсынады. Іс-шара сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін Республика даңғылы 34 мекен-жайы бойынша орналасқан «Жастар» Сарайының фойесінде өтпек.

Оқу орындарының түлектері ақы төленетін жастар практикасына қатысу туралы ақпарат ала алады. Сондай-ақ, жәрмеңкеге келушілердің алдын-ала әңгімелесуден өтуге, түйіндеме толтырып, оны жұмыс берушілерге қалдырып кетуге мүмкіндіктері болады.