Қазақстан • 13 Тамыз, 2019

Төрт елдің Ішкі істер министрлері арнайы жасақ жауынгерлерінің қабілетін бағалады

551 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

5-10 тамыз аралығында Алматы қаласы Заречный кентінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Жауынгерлік және әдістемелік орталығында Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлерінің арнайы мақсаттағы бөліністері жауынгерлерімен оқу-әдістемелік жиын өтті.

Төрт елдің Ішкі істер министрлері арнайы жасақ жауынгерлерінің қабілетін бағалады

Бірлескен оқу-жаттығуға Ұлттық ұланның «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлінісі мен Алматы қаласы полиция департаментінің арнайы мақсаттағы бөлінісінің нұсқаушылары жетекшілік етті.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан Ішкі істер министрлерінің Екінші отырысы аясында аталған құрамдағы делегация 10 тамыз күні Орта Азия елдері арнайы мақсаттағы бөліністері жауынгерлерімен өтіп жатқан оқу әдістемелік жиынның жабылуына қатысты. Құқық қорғау ведомстволарының басшылары арнайы мақсаттағы бөлініс әскери қызметшілерінің кризистік жағдайлардағы іс-қимылдарын, кәсіби шеберліктері мен жауынгерлік дайындықтарын жоғары бағалады. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Руслан Жақсылықов қонақтарды Жауынгерлік және әдістемелік орталық базасымен таныстырды.

Айта кетелік, жиын барысында шабуыл тобының түрлі тәсілдері мен іс-қимылдары пысықталды. Сондай-ақ жиын қатысушыларымен арнайы-тактикалық дайындық сабақтары өткізілді, тұрғынды аймақты бекініске алу тобының жедел операциялар кезіндегі қимыл және атыс тактикасы, жеңіл автокөлікті құрықтау тобының әдіс тактикасы үйретілді.