Аймақтар • 15 Тамыз, 2019

Төрт түлік тірідей жанып кетті

396 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биылғы аптап ыстық талайды әбігерге салды. Соңғы кездері Жамбыл облысының әрбір ауданында өрт оқиғасы тіркеліп, төтенше жағдай жиіледі. Алайда апат айтып келмейді. Тілсіз жау­дың тұтқынында қалған талай жер күлге айналды.

Төрт түлік тірідей жанып кетті

Жуырда ғана Жамбыл ауданы, Жамбыл ауылдық окру­гі­не қарасты Қоңыртөбе елді ­ме­кенінде болған алапат өрт­тен «Ғалымжан» шаруа қожа­лығы­ның төрт түлігі отқа оранды. Тө­тенше жағдайлар қызметінің мәлім­деуінше, өрт электр желі­лерінің тұйықталуы салдарынан шамамен түнгі сағат 00-01 ша­масында тұтанған. Түн ортасында асқынған өрт аталған шаруа қожалығының жалпы 90 бас малын шарпыған. Атап айтсақ, қожалық басшысы Нұр­лан Жұмағұловқа тиесілі 5 бас жыл­қы, 18 бас қой және 67 бас сиыр малы түгелдей өртеніп кеткен.

Кәсіпкер мал шаруашылы­ғымен талай жылдан бері айналысып келеді екен. Жақында ғана «Ғалымжан» шаруа қожа­лы­ғын ашып, ол мұнда мал бор­дақылауды қолға алған. Алайда төтеннен келген тілсіз жаудың салдарынан мұндағы барлық мал басы тірідей жанып кетті. Қораның әр бұрышында жатқан малдың өлі денелеріне қарағанда, жануарлардың басы шынжырмен мық­тап байланған. Электр желі­лері­нің тұйықталуынан тұтан­ған қы­зыл жалынның ұш­қы­ны қа­мыспен жабылған қора­ның ша­ты­рына тиіп, одан мал тұр­­ған жерге түсіп, одан әрі жа­қын маңға жиналған шөпке түс­­кен. Түн ортасында тілсіз жау­­мен арпалысуға шыққан жұ­мыс­шылар әуелі өртті өздері сөн­дір­­мек болыпты. Алайда сәт санап күш алып бара жатқан өртті ауыз­дықтау мүмкін болма­ған­дық­тан, олар амалсыз құтқару­шы­лар­дың көмегіне жүгінген. Со­ның өзінде 600 шаршы метр жер­ді өрт жайлаған.

Жамбыл ауданы әкімі­нің орынбасары Ерлан Қыдыр­әлі­ұлы­ның айтуынша, жергілік­ті әкімдік бұл мәселеге бейжай қарамай, тиісті көмек көрсеткен. Қоңыртөбе елді мекенінде болған өртті сөндіру үшін ауданнан 20-дан астам адам және 5-6 техника күші тартылған. Сонымен қа­тар шаруаларға медициналық қыз­мет те көрсетілген. Соның өзін­де абай­сызда тұтанған алапат жа­лын­ның беті 4 сағаттық арпа­лыс­тан соң әрең қайтқан. Бірақ өкінішке қарай төрт түлік мал тілсіз жаудың құрбанына айналды. Сондай-ақ 200 тонна шөп күлге айналған. Аудан әкімдігі тарапынан от тиіп, опат болған малдардың өлі­гін толығымен оқшаулап көму жұ­мыс­тары жүргізілді. Әкімнің орын­басары тағы да тиісінше көмек көрсетілетінін айтты.

 

Жамбыл облысы