Қазақстан • 15 Тамыз, 2019

Президенттің Бейжіңде тілдік тағылымдамадан өткен кезіндегі суреттері жарияланды

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері жарияланды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады. 

Президенттің Бейжіңде тілдік тағылымдамадан өткен кезіндегі суреттері жарияланды

«Бұл роликте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1983 жылы Бейжің лингвистикалық университетінде тілдік тағылымдамадан өтіп жүрген кезде түсірілген сирек фотосуреттері ұсынылған. Университет оқытушысы Лю Шицинь өзінің жеке мұрағатында сақталған бірегей фотосуреттермен бөлісіпті», деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.