Әлем • 16 Тамыз, 2019

ҚХР СІМ-де Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапарына қатысты дайындық сұрақтары талқыланды

282 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесті.

ҚХР СІМ-де Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапарына қатысты дайындық сұрақтары талқыланды

Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың ағымдағы жай-күйі мен келешектерін, сондай-ақ жоғары және биік деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бағыттарын талқылады.

Ерекше назар қыркүйек айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-ға алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық мәселелеріне аударылды. Өз кезегінде, қытайлық дипломат Мемлекет басшысының Қазақстан-Қытай қатынастарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың екінші жартысында өткізілуі жоспарланған көпжақты халықаралық іс-шаралар күнтізбесі мен өзара сапарлар кестесі талқыланды.

Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарының жан-жақты стратегиялық әріптестігінің оң серпінін сақтау мақсатында саяси, парламентаралық, партияаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық тұрақты байланыстарды дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.