11 Маусым, 2013

Сайлауға жоғары жауапкершілік қажет

255 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сайлауға жоғары жауапкершілік қажет

Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:09

Қостанайда Қазақстан Республикасындағы аудандық маңыздағы қалалар, ауылдық – округтер, ауылдық округтерге кірмейтін кенттер мен ауыл әкімдерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі семинар-кеңес болып өтті.

 

Сейсенбі, 11 маусым 2013 2:09

Қостанайда Қазақстан Республикасындағы аудандық маңыздағы қалалар, ауылдық – округтер, ауылдық округтерге кірмейтін кенттер мен ауыл әкімдерін сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелері жөніндегі семинар-кеңес болып өтті.

Оған Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов, Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Наталья Вишнякова, аудан, қала әкімдері, аудандық, қалалық мәслихаттардың хатшылары, аудандық, қалалық әкім аппаратының жетекшілері, аудандық, қалалық сайлау ко­мис­сияларының төрағалары мен хатшылары, облыстық сайлау комиссиясының мүшелері, сон­дай-ақ облыстық прокуратура, ішкі істер департаментінің, са­лық департаментінің, экономика және бюджеттік жоспарлау мен Мемлекеттік қызмет істері жө­нін­дегі агенттік басқармасының өкіл­дері қатысты. Семинар-кеңесте Б.Мелдешов сайлаудың маңызы мен ұйымдастыру, өткізу реті туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Басқосуда жергілікті жерлер­де өтетін сайлаудың барынша мөлдірлігін қамтамасыз ету қажеттігі атап көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің «Аудандық маңыздағы қалалар, ауылдық округтер, ауыл­дық округке кірмейтін кенттер мен ауылдар әкімдері сайлауын өт­кі­зудің бірқатар мәселелері ту­ра­лы» Жарлығына сәйкес, Қос­та­най облысы аумағында 245 ауыл әкімі сайланады. Сайлау 2013 жыл­дың 7 тамызында өткізіледі деп бел­гі­лен­ген. Осы мәселе бойынша облыста бір­неше семинар-кеңестер өткізіледі.
Антонина Маркова басқаратын облыстық сайлау комиссиясының бұрынғы сайлаулардағы білік­ті­лігін Б.Мелдешов жоғары баға­лады. Ол жауапкершілігі мол алдағы сайлау да табысты өтетініне сенім білдірді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.