Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Петропавл зауыты алғашқы термос-вагондарды Ресейге жөнелтті 

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Петропавл ауыр машина жасау зауытында әзірленген  термос-вагондардың алғашқы легі экспортталды.

Петропавл зауыты алғашқы термос-вагондарды Ресейге жөнелтті 

Мамандардың айтуынша мұндай заманауи тасымал құралы әлем бойынша жоғары сұранысқа ие. Жергілікті кәсіпорын тез бүлінетін өнімдерді еш ысырапсыз тасымалдайтын озық жобаны қысқа мерзім ішінде іске асырды. Жаңа жабдықтың ерекшелігі көп. Ең бастысы, тасымалданатын азық-түлік, жеміс-жидек өнімдері бірқалыпты температурада ұзақ сақталады.  «Петропавл машина ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры Вадим Шақшақбаевтың айтуынша, вагондар барлық сараптау комиссияларының сынағынан өтіп, мақұлданған. Оның ішінде Қазақстан теміржол әкімшілігінің ведомствоаралық комиссиясы, сондай-ақ Мәскеудегі темір жол көлігі кеңесі оң бағаларын беріп, Кеден одағының тиісті сертификаты алынған.

Кәсіпорын  айына 50-ге жуық термос-вагон жасап шығаруға қауқарлы.

«Мұндай вагондар жоғары сұранысқа ие. Өйткені, жалпы нарықта азық-түлік тасымалдау жайы қиындап барады. Сөйтіп Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуеті артатын болады. Отандық өндірушілердің күрделі жобаларды игерудегі қадамдары қуантады», дейді «Атамекен» ұлттық ксіпкерлер палатасы бсқарма төрағасының орынбасары Евгений Больерт.

Келешекте зауыт жаңа құрылғылармен толықтырылып, ай сайын 100-ден аса заманауи вагон жасау көзделіп отыр.

 

Солтүстік Қазақстан облысы