Аймақтар • 17 Тамыз, 2019

Солтүстік Қазақстанда спорт мерекесі атап өтілді

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Александр Винокуров атындағы Спорт сарайында сала мамандары марапатталды.

Солтүстік Қазақстанда спорт мерекесі атап өтілді

Облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев аймақ басшысының құттықтауын жеткізді. Шара барысында спорт саңлақтарының  жетістіктерін баяндайтын бейнефильм тамашаланды.  Бүгінде төртжүзден астам жерлесіміз еліміздің  құрама командаларында жақсы өнер көрсетіп, биылдың өзінде ғана үш жүздей  медальға ие болды.

Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі және осы салада ұзақ жылғы еселі еңбегі үшін бір топ азаматқа  облыс әкімінің құрмет грамоталары мен  алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етілді. Мамлют ауданы  балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Харис Мавлютов  Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытудағы еңбегі үшін» төсбелгісімен, ардагерлер Жамбыл Тасеменов, Александр  Винников, Анатолий  Федорошин, Антонина  Волкова «Құрметті спорт ардагері» медалімен марапатталды.

Облыстық халық спорты ойындардарында ең үздік нәтиже көрсеткен Қызылжар, Ғ.Мүсірепов және Шал ақын ауданының спортшыларына кубок пен грамоталар табысталды.

Шара мерекелік концертке жалғасты.

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше