Аймақтар • 19 Тамыз, 2019

Жидебайдағы жылы жүздесулер

411 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Абай елі бұрын да, қазір де Абайдың туған күнін 10 тамыз күні атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биылғы ақынның туған күні де Жидебай басында ерекше аталып өтті. Оған мұрындық болған Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.

Жидебайдағы жылы жүздесулер

Университет ұжымы ғалым­дары­мен, студенттерімен, әнші-жыр­шыларымен, ас-суларымен келіп, Жидебай басын бір күн ән мен күйге бөлеп, Құран-қатым түсіріп, тағылымы мен тәрбиелік мәні зор «Абай еліне тағзым» атты үл­кен форум өткізді. Бұл фо­румға Абай ауданы әкімінің орын­басары Бауыр­жан Тәттібеков бас­таған Қарауыл ауылы­­ның ар­да­гер-ақсақалдары, зиялы қауым өкіл­дері, «Қаламқас» халық ан­самбі­лі­нің өнерпаздары да қа­ты­сып, екі ұжым бір жағадан бас, бір жеңнен қол шы­ға­рып, Жи­де­­бай жазығын Абайдың өлең­дері­мен, қара сөздерімен сусындат­ты. Бұл ретте облыс әкімінің орын­­басары Әсем Нүсіпованың Сәр­сен Аманжолов атындағы Шы­­ғыс Қазақстан мемлекеттік уни­­в­ер­­­ситетінің ректоры Мұхтар Төле­­­геннің бастамасын қызу қол­дап, уни­верситет ұжымының игі қадам­­дарына сәт сапар тілеге­нін, Абай ауданының әкімі Жарқын­бек Бай­сабыровтың университет ұжы­­мын құшақ жая қарсы алған­дық­­тарын да қоса айта кеткен жөн.

Ақынның 175 жылдық тор­қалы тойының алатын орны ерекше болмақ. Бұл жөнінде облыс әкімдігінде де үлкен жиын болып, өңір басшылары біздің бастамамызды қызу қолдады. Сол жерде «Абай еліне тағзым» атты форумды Абай елінде, Жиде­бай­да өткізу жөнінде шешім қа­был­данды. Өйткені Абай тойы Шығыс­тан, Жидебайдан бастау алуы керек. Университетімізде Абай­дың арнайы дәрісханасы жұ­мыс істейді. Абайтану кур­сы мінд­етті пән ретінде оқытылуда. Абай жолы – мәңгілік жол. Ол – ешқа­шан ескір­мейді, ешқашан өлмей­ді. Ол – жаңа биік­терге көтеріле береді», деді Мұхтар Төлеген.

Шара барысында университет ұжымы еңбек ардагері, Абайдың туысы Манатай Толғанбаевты, ақын Төлеген Жанғалиев­ті, ұстаз Бағдат Есдәулетованы, «Қалам­қас» халықтық ансамбілінің әншісі Бақыт Шағатаеваны, Абай, Шәкәрім поэзиясы күн­дері шәкірттері үнемі топ жа­рып жүр­ген ұлағатты ұстаз Рай­гүл Тіз­гін­баеваны «Абай» төсбел­гісі­мен марапаттады. Абайлық көне­көз ақсақалдар ұлт ақынын ұлықтау үшін Өскеменнен арнайы келген азаматтарға алғысын жет­кізді. «Бұл ән – бұрынғы ән­нен өзгерек» демекші, бұл фо­рум­ның мәдени-танымдық мәні де салмақты болды. Олай дейті­німіз өскемендік студенттер мен ұстаздар Абай, Шәкәрім мұ­ра­жайларына саяхат жасап, Абай­дың елі, ұлы тұлғалары, Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұрасына қатыс­ты тағылымды әңгімелерге қанықса, жиналған қауым «ШҚО-ның қасиетті жерлерін зерттеу­дегі С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың үлесі» көрмесінен өл­ке­міздегі археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелері жайлы құнды мағлұматтарға қанық­ты», дейді Шыңғыстаудың ақсақалы Манатай Толғанбаев.

Өскеменнен келген Мұха­меди меші­тінің имамы Дубек Құс­манұлы Абай, Шәкәрім және Мұх­тар рухтарына Құран бағыш­­талып, қатым түсірілді. Кесене басында болып, Абай бас­қан топырақты ба­сып, Абай жүрген жолмен жү­ріп өткен уни­верситеттің ғалым-ұстаз­дары мен сту­денттері бұл күні ерекше көңіл күйде болды. Қазақстандағы 100 киелі ме­­кен­нің біріне саналатын Жи­де­бай олардың бой­ларына тың күш құйып, арман құста­рын Шың­ғыстау аспанында шарықтатты.

 

Совет МАХМЕТОВ,

ардагер журналист

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы