20 тамыз күні күндіз және 21 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде жекелеген аумақтарға тұман түсуі мүмкін. 20 тамыз күні солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с екпінде жел соғады. 21 тамызда солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.
20 тамыз күні күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
20 тамыз күні күндіз және 21 тамызда Атырау облысында қатты ыстық болады. Ауа температурасы 35-39 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.