Спорт • 19 Тамыз, 2019

«Барыстың» қатары америкалық хоккейшімен толықты

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Нұр-Сұлтанның «Барыс» клубының қатары америкалық ойыншымен толықты.

«Барыстың» қатары америкалық хоккейшімен толықты

«Барыстың» таңдауы бұл жолы Эрик Тангрэдиге түскен екен. 30 жастағы шабуылшы бірер жыл Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өнер көрсетті.  2007 жылы «Анахайм Дакстың» қатарына қабылданса. Одан кейінгі кездері  «Питтсбург», «Виннипег», «Монреаль», «Детройт» және «Нью-Джерси» клубтары сапында ойнады. ҰХЛ-да барлығы 150 кездесу өткізіп, 16 ұпай (5 гол+11 пас) жиған екен.  Америка хоккей лигасында (АХЛ) 467 мәрте мұз айдынына шығып, 340 (160 гол+180 пас) ұпайды қоржынға салды.