Іріктеу ойындарында Қазақстанның екі ойыншысы бақ сынайды. Олар – Елена Рыбакина мен Александр Недовесов. Әйелдердің әлемдік рейтингінде 67 орында тұрған 20 жастағы жерлесіміз Елена Рыбакина тұсаукесер кездесуінде WTA тізімінде 454 сатыға жайғасқан америкалық Эмма Наварромен шеберлік байқасады.
Ерлердің әлемдік рейтингінде 225 орынға табан тірген Александр Недовесов Португалияның өкілі Жоао Домингеспен сайысқа түседі. Пиреней түбегінің түлегі үздіктер тізімінде 185 орынды еншілеуде.
Ал төрткүл дүниенің ең үздік теннисшілері бас қосатын негізгі турнир 26 тамызда басталады.