Спорт • 20 Тамыз, 2019

Норвегия турында топ жарды

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық «Астана» коман­дасының велошабандозы Алексей Луценко төрт күнге созылған «Нор­вегияның арктикалық жарысында» жеңіске жетті.

Норвегия турында топ жарды

Норвегия тасжолында өткен бәсекенің соңғы жарыс күнінде спортшылар Лединген мен Нарвик қалаларын жалғаған 165,5 шақырым қашықтықты жүріп өтті. Мәре сызығын бірінші болып норвегиялық Мар­кус Хельгаард кессе, екінші орынды
отандасы Амунд Грёндаль Янсен иеленді. Үздік үштікті Қазақстан чемпионы Алексей Луценко түйіндеді.

Осылайша, Луценко төрт күнге созыл­ған жарыстың жалпы кезеңі бойынша топ жарды. Екінші орында Team Arkea Samsic өкілі, француз Варран Баргий. Israel Cycling Academy велоспортшысы Кристс Нейландс үздік үштікті қорытындылады. «Астананың» тағы бір өкілі Уго Уль 5-ші орынға табан тіреді. Сондай-ақ «Астана» велокомандасы жалпыкомандалық есепте бірінші болды.