Спорт • 20 Тамыз, 2019

Халықаралық жарыстан 10 медаль олжалады

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ташкентте жеңіл атлетикадан Өзбекстанның ашық кубогы аяқталды. Халықаралық турнирге қазақ­стандық 20 атлет қатысып, жарыс қорытындысы бойынша 3 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Халықаралық жарыстан 10 медаль олжалады

Үш қарғып секіруден Мария Овчин­никова, 110 метрге кедергілер арқылы жү­гіру бойынша Давид Ефремов және 1500 метрге жүгіруден Алексей Гусаровтар алдына жан салмады. Ал 800 метр қашықтыққа жүгіруден Абдулазиз Абдукаюмов, ұзын­дыққа секіруден Марина Хусейнова, спорт­тық жүріс бойынша Виталий Терехин және ядро лақтыру сайысында Екатерина Нестерова алтынға қолжетім жерде сүрініп, күміс медаль иеленді.

Евгений Прокудин (110 метрге кедер­гілер арқылы жүгіру), Виталий Земс (100 метр), Екатерина Нестерова (балға лақтыру) Өзбекстан ашық кубогының қола жүлдегері атанды.

Соңғы жаңалықтар

Қос «Қызыл Жұлдызды» майдангер

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Субсидияның қайтарымы бола ма?

Субсидия • Бүгін, 08:15

Жаралы жылдар жаңғырығы

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:10

Ауру – астан...

Қоғам • Бүгін, 08:05

Ел газетіне – 106 жыл

Егемен Қазақстан • Бүгін, 07:50

Тыныштық түсі

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:45

Жаңа термин

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:40

«Талтүстегі» қоңыр күй

Тағзым • Бүгін, 07:35