20 Тамыз, 2019

Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мексиканың Лос Кабос қаласында өткен ATP санатындағы жарыста ширек финалға дейін жеткен қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады.

Михаил Кукушкин әлемдік рейтингте жоғарылады

Үздіктер тізімінде 2 сатыға жоғарылаған жерлесіміз қазіргі кезде АТР рейтингінде 44-орында тұр. Бұл – қазақстандық теннис­шілер арасындағы ең үздік нәтиже. Осыған дейінгі Михаил Кукушкиннің ең жақсы көрсеткіші – 39-орын болатын. Соңғы уақытта Александр Бублик те жақсы ойын өрне­гімен көзге түсіп, рейтингте жоғарылап келеді. Бублик бүгінде 808 ұпаймен 75-орында. Ал Александр Недовесов ТОП-200 теннисшінің қатарында.

 Қыздар арасындағы рейтингте Юлия Путинцева да сайыс сайын үздік нәтиже көрсетеді. Өткен рейтингіде 42-орында болса, бұл жолы үш саты жоғарылап 39-орынға жайғасты. Ал бұған дейін Қазақстанның үшінші ракеткасы саналып келген Елена Рыбакина екінші орындағы Зарина Диасты басып озды. Жаңартылған рейтингте Рыбакина 67-ші, Диас 77-орында тұр.

Соңғы жаңалықтар

ЕАЭО отырысы Шымкентте өтеді

Саясат • Бүгін, 12:58

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50