Ел мәртебесін биіктеткен
Сәрсенбі, 16 қаңтар 2013 7:13
Шежіреге айналған 2012 жыл еңселі еліміз үшін табысты жыл болды деп ауыз толтырып айтуға толық негіз бар. Бүкіл әлемнің назарын аударған Лондон Олимпиадасында Қазақстанның абыройы асқақтап, көк туымыз әлемдік тұғырда бір емес, бірнеше рет көтеріліп, ел мәртебесін мерейлі еткені көңілімізді тасытты. Ел үмітін ақтаған, сертіне сенімі сай спорт саңлақтарымыз қоржынымызды медальдармен қоса қуанышқа толтырып, Қазақстанның қуатты ел екенін танытты.

Қазақстан үшін жылдың үлкен жеңісі Лондон Олимпиадасынан кейін беделімізді биіктеткен жеңіс – ЭКСПО-2017 көрмесін Астанада өткізу құзырына ие болғаны деп білемін. Кемел елдің көкжиегін кеңейтетін бұл көрме көркем келешегіміздің кепілі болатынына сенім кәміл. Бұл жеңіс – бүкіл әлемнің айнасында ажарымызды әспеттеп көрсетер жарқын жеңіс. Бұл көрме елдің ертеңіне, Қазақстанның жер жаһанға жол тартатын алтын көпірі болары сөзсіз.
Тәуелсіз елдің толағай табыстарын тағы бір жеңіспен молайтқан Елбасымыздың еңбегі де ұшан-теңіз. Төрткүл дүниеге Қазақстанды айшықты Астанасымен танытқан Мемлекет басшысы ел болашағын бедерлі етер бұл көрменің атбасын Қазақстанға бұрғызды. Енді бүкіл әлем «Болашақтың энергиясын» Қазақстанда сезініп, елімізде тамашалайтын болады. Ендеше, бәріміз Елбасы мен ел жеңісіне қолдау көрсетіп, ЭКСПО-2017 көрмесін, яғни осындай келелі істі абыроймен атқарып, өткізуге атсалысайық.
Орынбек ПАЗЫЛОВ,
№4 Жамбыл Жабаев атындағы
орта мектеп-гимназияның мұғалімі.