Қоғам • 22 Тамыз, 2019

«Кеншілер күні» аталып өтті

6261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше елордада Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көмір өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің қатысуымен «Кеншілер күні» кәсіби мерекесін атап өтті.

«Кеншілер күні» аталып өтті

Халық арасында «Шахтерлер күні» деген атпен мәлім мереке алғаш рет 1948 жылдың 29 тамызында өткен болатын. Мереке тәуелсіз Қазақстанда Кәсіби мерекелер тізбесіне 2003 жылғы қарашада енгізілді. Сөйтіп осымен 72-ші рет аталып өтті.

Шахтер мамандығы ауыр және қауіпті кәсіп түріне жатады. Өндірісте болатын төтенше оқиғалар салдарынан қаншама кенші қаза тауып немесе түрлі жарақаттарға ұшырап жатады. Жиын басталар алдында жиналғандар өндірісте қаза тапқан кеншілерді бір сәт үнсіз тұрып еске алды.

Жиналғандарды және саланың барша қызметкерлерін «Кеншілер күні» мерекесімен министрдің орынбасары Тимур Тоқтабаев құттықтады.

Бүгінде еліміздегі электр қуатының 70 пайызы көмір арқылы өндіріледі. Барланған көмір қорының 90 пайызға жуығы еліміздің солтүстік-шығыс және орталық бөлігінде шоғырланған. Қазақстан көмір қорының молдығы жөнінен әлем елдерінің алғашқы ондығына кіреді. Былтырдың өзінде 119,7 миллион тонна көмір өндіріл-
ді.

Салтанатты жиын барысында 70-тен астам сала қызметкерлері түрлі марапаттармен марапатталды. Оларға «Көмір өнеркәсібінің құрметті қызметкері» атағы және үш деңгейлі «Еңбек даңқы» төсбелгілері берілді.

 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50

Жерлесіміздің 20 жетістігі

Спорт • Бүгін, 08:45

Көпбалалы отбасы қуанышы

Қоғам • Бүгін, 08:40

Нәрестені ширатқан орталық

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Көптің аманатын арқалаған

Әйел әлемі • Бүгін, 08:30