Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Қостанайда жоғалғандарды іздейтін сайт ашылды

295 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанайда «Регион-10» атты жоғалғандарды іздеу ресурсы пайда болды. www.region10.kz. сайтында жоғалған адамдарды іздеу жөнінде ақпараттарды білуге болады, сондай-ақ ғаламторда жиі кездесетін жалған ақпараттардың да рас-өтірігін ажыратуға осы сайттан көмек береді.  

Қостанайда жоғалғандарды іздейтін сайт ашылды

Сайтты Яна Маляр, Татьяна Милехина және Ирина Карпенко есімді еріктілер жасады. Ресурсты құру және оны толтыру идеясын Қостанай облысының полиция департаменті қолдап, бірігіп жұмыс істеуге келісті.
Қазір сайт өзінің ресми қызметін бастаған. Тәртіп сақшыларымен ынтымақтастық қалай құрылатыны және ресурстың қалай жұмыс істейтіндігі туралы волонтерлер облыстық полиция департаментінде өткен брифингте айтып берді.

«Біздің іздеу жасағымыз 2018 жылдың тамыз айында құрылды. Қазірде оның құрамына 16 волонтер және халықаралық кинологиялық одағының 4 иті бар. Сондай-ақ «К-9» Қостанай кинологиялық клуб құрамында болады.  Біз қазірдің өзінде полиция қызметкерлерінің барлық іздеу операцияларына атсалыстық. Нәтиже бар. Жыл басынан бері 10-нан астам жоғалған адамды табуға көмектестік» дейді Татьяна Милехина.


Айта кету керек, еріктілер жоғалғандарды іздеумен риясыз айналысады. Олардың барлығы тұрақты жұмыс істейді, бірақ адамдарға көмектесуді өз парызы санайды.Олар «Қызыл жарты Ай» және «ГРИН» ҮЕҰ-ның қолдауымен алғашқы көмек көрсету, іздестіруді ұйымдастыру және жоғалған адамдарды іздеу кезінде қажетті бастапқы әрекеттерді жүргізу жөнінде арнайы дайындықтан өтті.Сайт ыңғайлы навигация және бірнеше бөлімдерге ие. Ол ақпараттың түсуіне қарай жаңартылып отырады. Қазір сайтта жоғалып кеткен 7 адам мен табылған 5 адам туралы мәлімет бар. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері басқа да іздестіру фактілері бойынша ақпарат дайындап жатыр.Волонтерлер балалардың жоғалғаны туралы жалған ақпараттарға ерекше назар аударады. 


«Егер мұндай хабарда ата-аналармен қалай байланысуға болатын телефон нөмірлері көрсетілмесе, хабар көңіл күй еркімен айтылса, бұл жалған екеніне сенімді болыңыз. Бізге мұндай хабарламаларды тексеруге жиі хабарласады» дейді Ирина Карпенко.

 

Қостанай