Аймақтар • 22 Тамыз, 2019

Қарағанды облысында жас кәсіпкерлер әкімнің гранттарына ие болды

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысындағы Ұлытау ауданында өтіп жатқан Ауыл жастарының  халықаралық форумына еліміздің өзге облыстарынан ғана емес, ТМД елдерінен де қонақтар келді.

Қарағанды облысында жас кәсіпкерлер әкімнің гранттарына ие болды

«Жастар жылына» арналған бұл шара үш күнге созылады. Форум бағдарламасында семинар-тренингтер, пікірталас алаңдары, квест және тимбилдинг, сондай-ақ экскурсиялар, алау басында гитарамен ән шырқау және басқа да ойын-сауық түрлері қамтылған. Жоспар бойынша жастар Әулиетау шыңына шығып, оның басына жалау тігеді. Сонымен қатар, олар «Ұлытау Sky» әуе жыландары фестиваліне және Jezkiik этномәдени мұрасының екінші халықаралық фестивалінің салтанатты ашылуына қатысады.

Форум барысында ауылдың жас кәсіпкерлеріне Қарағанды облысы әкімінің гранттары табыс етілді. Нақты айтқанда, бес ауданнан келген 10 жігіт пен қызға миллион теңгеден бұйырды. Жас кәсіпкерлер бұл қаражатты сүт өңдеу, автомобиль сервисі, клинингтік қызметтер және туристік маршруттарды ұйымдастыру сынды кәсіптерін дамытуға жұмсайтын болады.

Облыс әкімінің грантына Жаңаарқа ауданынан Бекмұрат Алпысов, Ерқанат Нұрғали, Мейрамбек Салықпаев, Бұқар жырау ауданының өкілдері  Жалғас Қабылқаиров, Тадей Самсонов, Ұлытау ауданының жас кәсіпкерлері Сағадат Мұхамбетов, Шет ауданынан Сая Олжатай, Әлішер Серікбаев, Нұра ауданының тұрғындары Қанат Әбдіғапар, Анастасия Қалаева ие болды.

Қарағанды облысы