26 Қаңтар, 2013

Мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі

579 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:36

Жолдау кадр саясатындағы жаңа бағыттарды белгілеп, кәсіби даярлықтың ерекше жетілдірілген әдістемелерін енгізіп отыр

Президент Нұрсұлтан Назар­­­баевтың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптас­қан мем­­­­лекеттің жаңа саяси бағыты» Жол­дауы жұртшылық тарапынан жаңа сипатты құжат ретінде ба­ғаланып отыр. Стратегиялық бағ­дарламада экономикалық әле­­­уе­ті кемеліне келіп, өркениет көшіне қосылған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму жолдары жан-жақты қарастырылған. Негізгі басымдықтар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайту, ұлттық экономиканы серпінді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы тұрақтылық мен келісімді қам­­тамасыз ету секілді өткір мәсе­­ле­лерге аударылып, бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына ену бағыты нақты сараланған.

Сенбі, 26 қаңтар 2013 7:36

Жолдау кадр саясатындағы жаңа бағыттарды белгілеп, кәсіби даярлықтың ерекше жетілдірілген әдістемелерін енгізіп отыр

Президент Нұрсұлтан Назар­­­баевтың «Қазақстан-2050» Стра­тегиясы – қалыптас­қан мем­­­­лекеттің жаңа саяси бағыты» Жол­дауы жұртшылық тарапынан жаңа сипатты құжат ретінде ба­ғаланып отыр. Стратегиялық бағ­дарламада экономикалық әле­­­уе­ті кемеліне келіп, өркениет көшіне қосылған Қазақстанның ұзақ мерзімді даму жолдары жан-жақты қарастырылған. Негізгі басымдықтар мемлекеттілігімізді одан әрі нығайту, ұлттық экономиканы серпінді дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы тұрақтылық мен келісімді қам­­тамасыз ету секілді өткір мәсе­­ле­лерге аударылып, бәсекеге аса қабілетті 30 елдің қатарына ену бағыты нақты сараланған.

«Қазақстан-2030» Стратегиясы­ның табысты қорытындыларына ой жібере отырып, алға қойған өрелі мақсаттар әр қазақстандықты берік жауапкершілік пен табанды сенімділікке ұмтылдырары анық. Мемлекет басшысының те­реңнен ой­ластырылған байып­­ты да ұстамды сая­сатының бір парасы мемлекеттік аппа­­­рат­­­тың жауапкершілігін, тиім­ді­лі­­­­­­­­­гі мен функционалдығын арт­ты­­­руға арналған. Ол жөнінде «Мем­лекеттілікті одан әрі нығай­ту және қазақстандық демок­ра­­­­тияны дамыту» тарауында ег­­­­­­­­­жей-тегжейлі баяндалып, мем­ле­­­­­кеттік басқарудың жаңа тү­р­­­­ле­­рі ұсынылған. Қыз­мет ету мен мемлекеттілікті нығай­­тудың жа­­­­ңа міндеттерге сай болуы, ха­лық­­­­­­қа және мемлекетке қызмет ету­ді барлығынан жоғары қоятын кә­­сіпқой мемлекет аппаратын қалыптастыру талаптары нақты атап көрсетілген.
Бүгінгі күні мемлекеттік қыз­мет­тің кадрлық құрамын іріктеу, кәсіби даярлық­тың жетілдірілген әдістемелерін енгізу арқылы сапалы түрде жақсарту ерекше ма­ңыз­ға ие. Бұл тұрғыдан алғанда, елі­міз­­дің мемлекеттік қызмет жү­йе­сін­­­де халықаралық сарапшылар мо­­­­­йындаған ауқымды өзгерістерді бас­шылыққа ала отырып, іс-тәжі­ри­­­­­­белерді жетілдіру, байы­та түсу еш артықтық етпейді. Бізде кадр қызметі еңбеккерлерінің сарап­шы­­лар кеңесі жұмыс істейді. Оның құрамына облыстық және ау­дандық мемлекеттік ор­­ган­дар­­дың кадр қызметтерінің тә­­­­жі­ри­­­­бе­­­лі басшылары енген. Олар Мем­лекеттік қызмет істері жө­­­­­­­­­нін­­дегі агенттігіне мемлекеттік қыз­­­­­мет ту­­­­­­­­ралы заңнамаларды өзгерту бо­­­йын­ша 30-дан астам ұсыныс жасады.
Қызметкерлер мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды құл­­­шыныспен қабыл алды. Қа­был­данған шаралар мемлекеттік қыз­метшілер кадрларын іріктеу жүйесіне, қоғамға қызмет етуге барынша лайықты жандарды жи­нақтау мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, жеке жетістіктерін та­­ну негізінде қызмет бабымен өсуіне жұртшылықтың сенімін арттырады.“Туыстық”, “жеке басына берілгендік”, “жерлестік”, та­ғы басқа да ұғымдар жойы­лып, Отанымыздың барлық аз­а­маттарының еңбек етуге конс­ти­ту­циялық құқықтарын іс жүзінде жүзеге асыру, мемлекеттік қызмет­ке тең дәрежеде қол жеткізу мүм­кін­дігіне ие болу тетіктері ойлас­тырылған. Заңға тұңғыш рет қыз­мет әдебі туралы жеке тарауды енгізу қарастырылған. Онда Мем­лекеттік қызметшілердің Ар-намыс және сыбайлас жем­қор­­­лыққа қарсы күрес тәртібі ко­дексінің нормалары енгізілген. Осыған сәйкес мемлекеттік қыз­­­метшілер мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау үлгісін көрсетуге, азаматтардың жүгіністеріне сы­­па­­йылық пен әдептілік танытуға міндетті.
Ендігі назар Елбасы айқындап берген мемлекеттік қызметтің жа­ңа моделі тұжырымдамасын жү­зеге асыруға ауда­ры­лып отыр. Қолға алынатын шаралар тізбесі жасалып, алдымызға ір­ге­лі мін­­­дет­тер қойдық. Жаңа та­­лаптарға сәй­кес әкім­шілік ре­фор­­масының екінші ке­зе­­­ңі тың серпілістер әкелері күмәнсіз. Оған бә­ріміз тас-түйін дайын болуымыз ке­рек. Ең алдымен, Жолдауда атап көр­се­тіл­гендей, мемлекеттік аппарат реформаланатын болады. Осылайша мемлекеттік қызметтің жаңа жүйесі орнығып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар, мемлекеттік қызметшілерді іріктеуде ашықтық, меритократия қағидалары күшейтіледі. Бұдан былай мемлекеттік қызметшіні лауазымдық сатымен кезең-кезең­­­­­­мен өсіру тәсілі қол­да­нылып, кә­­­­сіби деңгейі бірінші кезекте ескеріледі.
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттікке мемлекеттік қызметшілердің лауазымды өсуі­нің мүлде жаңа тетігін енгізуге тапсырма берілді. Мұның бәрі білікті де білімді кадрлар корпусын нығайтары сөзсіз. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсе­ту­дің сапасын арттыру басты мақсаттардың бірі саналады. Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, азаматтарға мемлекеттік қызметтерді тиімді әрі жедел түрде көрсетуге көшу бас­­­­­қа­­­ру институттарының жау­­­­ап­кер­шілігін нығайтары сөзсіз. Сон­дай-ақ, Парламентке «Мем­­­­ле­кет­тік қызмет туралы» заң жоба­сы­ның енгізілуі мемлекеттік қыз­­мет­шілердің кәсіби шеберлігін арттыру, машығын жетілдіру мүдделерінен туғаны анық.
Мемлекеттік қызметшілердің басты міндеттерінің бірі – сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұру, сыбайлас жемқор­лыққа жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеу, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан жіберілген құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу. Жолдауда жем­қорлық жай құқық бұзушылық емес, ұлттық қауіпсіздікке тікелей төнген қатер ретінде бағаланып, заңнамаларды жетілдіру арқылы соққы беру міндеті қойылды. Бұл шаралар сыбайлас жемқорлықтың деңгейін айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.
Соңғы жылдары Қазақстан Республи­касының мемлекеттік қызметіне қатысты бірқатар ма­ңыз­ды қадамдар жасалды. Атап айтқанда, заңнамаларда мем­ле­кеттік органдардың тәртіптік ко­миссияларының, кадрлық қыз­меттерінің жауапкершілігін арттыру, лауазымды орындарға тұл­ғаларды заңсыз тағайындағаны немесе оларды жұмыстан босатқаны, заңсыз кадрлық шешімдері үшін лауазымды адамдардың жа­уап­кершілігін арттыру тетіктері бел­гіленді. Мемлекеттік қызметке аза­маттарды іріктеудің, кон­курс­тық тәртібінің тиімділігін, шы­­­найылығын және жариялылығын арттыруға айтарлықтай өзгерістер енгі­зіл­ді. Енді тестілеу нақты мемлекеттік орган­дағы конкурстық іріктеуге қатыссыз өткізілетін болады. Оның нәтижелері жө­нінде жинаған ұпайдың қорытындысы бойынша азаматтарға конкурстық іріктеуге қатысуға құқық беретін сертификат беріледі. Осылайша конкурстық процедураларды өткізу уақыты үш есе қысқарды.
Мемлекеттік қызметке орна­лас­қан­да әркез “ұлтқа қызмет ету” түсінігін қас­терлейтін ма­ман­­дар келе бермейтінін тә­жі­­­­­­­­­рибе анық байқатып отыр. Ал конкурстық іріктеу ша­ра­ла­­ры­ның жариялылығы ондай кездейсоқтықтың санын мей­лінше азайтуға мүмкіндік беретін болады. Облыста тұ­жы­рым­даманы қабылдаған сәттен бас­­­­­тап мемлекеттік қызметке 1519 адам кел­ді, оның ішінде кон­курстық негізде 334 адам қа­был­­­­данды. Конкурстық ірік­теу кезінде жариялылықты қам­­­­­­­тамасыз ету мақсатымен тәуелсіз бақылаушылар, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдері ұдайы ша­­­­­­қы­рылып отырады. Бүгінде адами ресурстар мемлекет дамуы­­­­­­ның басты басымдықтарының бірі болып табылады. Кадрлық резервті пайдалану мен қалыптастыруда айтарлықтай өзгерістердің қа­­­­рас­­тырылып отырғаны қуантады. Енді конкурстық комиссиялар кадрлық резервті тек белгілі мемлекеттік органға ұсына алады. Басқа мем­лекеттік органдар ұсынған резерв­тегілер тағайындалмайтын болады.
Қазіргі таңда мемлекеттің және мемле­кеттік қызметтің алдында түбегейлі жаңа міндеттер тұр. Оның басым қағидаттарын Елбасы халыққа арнаған Жолдауында белгілеп берді. Бұл міндеттерді ше­шу көбінесе мемлекеттік қыз­мет­тің басқарушы құрамының кә­­сіптік деңгейіне байланыс­ты. Осы­ған орай мемлекеттік сая­саттың нақты бағыттарын жү­зеге асыруға жауапты кәсіпқой бас­қарушылардың мүлдем жаңа санаты – «А» корпусын құруға тапсырмалар берілді. Оның сапалық құрамы барынша нығайтылып, біліктілік талаптары өте-мөте күшейтілді. Мемлекеттік органдарды тексеру, құқық бұзушылықты талдау барысы жергілікті жерлерде конкурстық, аттестаттау және тәртіптік комиссиялардың бірыңғай кадрлық қызметтерін құ­­ру қажеттігін көрсетті. Бұл мә­селе, әсіресе, аудандық деңгейде өзекті.
Кадрлық жұмысты негізгі қызметі басқа қызметшілерге қо­сымша жүктеме ретінде тапсы­ру дағдылары кездеседі. Енді жо­­ғарыдай талаптарды жүзеге асыру мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігі мен кәсібилігін айтарлықтай жақсартуға мүм­кін­­дік береді. Мемлекеттік қыз­­мет­­шілердің жұмыс сапасы мен тиімділігін анықтау мақ­са­тын­­да жыл сайын бағалау ен­гі­­зу көзделген. Мемлекеттік қыз­мет­­­шілердің, оның ішінде кадр­лық резервке алынғандардың кә­сіби біліктілігін шыңдау үшін тәжірибелерден өту, қысқа курс­­­тарда оқыту мүм­­­­­кін­­діктері қарастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру – Жолдау мақ­сат еткен басты стратегиялық та­лаптардың бірі. Мұнда мем­ле­кеттік қызметшілердің кәсіби даярлығы, мемлекеттік қызметті тұтынушылармен қарым-қатынас мәдениеті басты орын алары дау­сыз. Мемлекеттік қызмет көр­се­­туді бағалауда жұртшылыққа қол­жетімдігі мен тұрғындардың оның сапасына қаншалықты қа­­­­­нағаттанатындығы барынша ес­ке­­ріледі. Тұтастай алғанда, мем­­лекеттік қызметке талап ба­рын­ша арттырылады. Бұл тұр­­ғы­дан алғанда, Жолдаудағы мем­ле­­­­­­ке­т­тік қызметтің жаңа моделі инно­­­­­­вациялық ұтқыр шешім болмақ.
Тілеген КАСКИН, 
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма бастығы – 
тәртіптік кеңес төрағасы.

Солтүстік Қазақстан облысы.